«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»



бет10/11
Дата15.06.2020
өлшемі38,27 Kb.
#73497
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сценарий

Аманат тапсыру үшін мектеп бітіруші 11 А сынып оқушысы Ембергенова Майя                                       мен 11 Ә сынып оқушысы Агиманов Берікке сөз кезегін береміз.

Аманат қабылдау 10 ә сынып оқушысы Шағылберді Асылбек және 10 а сынып оқушысы Қазиева Арайлым

Жүргізуші: Мектеп гимні

Сыйлық тапсыру салтанаты



Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда және 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше болмақ. Ол мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ. Ендеше ортаға 1 және 11 сыныптың оқушыларын соңғы қоңырауды соғу рәсіміне шақырамыз.

Қоңырауы мектептің тозбайтұғын,

45 минуттан еш озбайтұғын.

Тебірентіп мектептің тіршілігін,

Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын.

Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,

Одан асқан сыйлайды ғажабын кім.

Мектебінен киелі білім алып

Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.

Бәрі сын араласаң өмір ауылың,

Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын сағынғанда қоңыраудың.

Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің мақтаныштары, 11 жыл бойы өздерін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, бірнеше рет мектеп, қала намысын қорғап жүрген түлектерңізге беріледі.

Ортамызда қалалық, облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері, 11 ә сыныптың түлектері Тұрбай Мақсат пен Шұғаева Анармен және спорттан қала, облыс, республика көлемінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүрген 11 а сыныптың түлектері Нұрбергенов Ықыласпен Жарқынбекова Мадинаны қарсы алайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет