«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!»


А сыныбы – сынып жетекшісі Мурунбаева Орынгүл



бет3/11
Дата15.06.2020
өлшемі38,27 Kb.
#73497
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сценарий

11 А сыныбы – сынып жетекшісі Мурунбаева Орынгүл

11 Ә сыныбы – сынып жетекшісі Сейлханова Қаншайым

Бүгінгі салтанатты мереке 3 бөлімнен тұрады:

І бөлім. Мерекелік жиын;

ІІ бөлім.Түлектердің ұстаздарға құрмет көрсету;

ІІІ бөлім.Оқушылармен естелік суреттерге түсу;

Жүргізуші:   Құрметті мектептің түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.
Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүргізуші:   10 жыл бойы нұрға толы жанымыз

                        Арман қуып кеткен едік бәріміз,

20 күндей боп 20 жыл өтті кесдестік,

Мектебіне арналады бұл лебіз,-дей келе, мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектерді ортаға шақырамыз. Ортада осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1994 жылы мектептен түлеп ұшқан шәкірттер тұр. Қошеметтеп, қол соғайық.



Жүргізуші: Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жүргізуші:   Батырлыққа уызынан жарыған,

Ел қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр өзі әнші халыққа,

Жарасады жігер берер Әнұран!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілісін!

Мектебім – сәулетті мекенім,

Өзіңде түлеймін жетемін.

Сен – бұлақ, мен – қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып өсемін,- демекші мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға атсалысып, қалалық Абай, Мұқағали, Ілияс оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің мақтанышы 11 ә сынып оқушысы Агиманов Берік және мектептің спорт саласында өзінің елеулі қолтаңбасын қалдырған спортшы қызымыз  11 а сынып оқушысы Ембергенова Майяға ту көтеру құрметін ұсынамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет