Эссе
Мектебімізде «Қазақстан ұстаздар көшбасшылығы» атты халықаралық жоба бастау алды. 26. 10. 2020 күні, 218 кабинетте бірінші топтық отырыс болды. Фасилитаторымыз Жырымбаева Мархаба Ахметовна жыл бойы жұмыс жасайтын тақырыптармен, жобаның мақсатымен таныстырды. Топ мүшелері өз сұрақтарын қойып, көкейкесті мәселелерді талқыладық. Жиналыс барысында 17, 19 және 19 құралдарды толтырдық. Бізге келесі топтық сессияға өз кәсіби мәселенің тақырыбын бекіту айтылды.
07.11.2021 күні Zoom платформасы арқылы бірінші мектепаралық кездесу өтті. Кездесудің модераторы Гүлмира Қанаева жеке кабинеттерде болатын тақырыптармен таныстырды. Жаңадан қосылған ұстаздар үшін аталмыш кездесуге қатысу өте маңызды болды. Кездесу кезінде Дамыту жобалардың мысалдарын көріп, әріптестермен пікір алмасуға мүмкіндігіміз болды. Мектепаралық кездесуде қатысқымыз келетін сессияны таңдап сілтеме арқылы кірдік. Мен қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың коммуникативтілік сауаттылығы кабинетінде қатыстым. Сол жеке кабинетте біршама әріптестерімізбен өз кәсіби мәселемізбен тәжірибе алмасып, талқыладық. Кездесуде әріптестер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
26.12.2020 күні Zoom платформасы арқылы келесі топтық сессия өтті. Кәсіби мәселенің тақырыптарымен және не себептен тақырыбымызды таңдағанымыз туралы А4 қағазға 250 сөз рефлексикалық есеп жаздық. Менің кәсіби мәселемнің тақырыбы: «Оқушылардың білімді бекіту сабақтарының түрлі әдістермен өткізу». Топтың жетекшісі Мархаба Ахметовнаға өз кәсіби мәселемнің тақырыбы туралы, не себепті осы тақырыпты таңдағанымды айттым. Фасилитатор өз кезегінде, маған бағыт-бағдар беріп, ары қарай өз кәсіби мәселемді жетілдіру үшін қандай жұмыстар жүргізілу жайлы пайдалы кеңестер берді.
«Қазақстан ұстаздар көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясында ұстаздар оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жүргізу үшін тиімді әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы өз тәжірибелері мен бөліседі. Осы жобада мен, "Оқушылардың білімді бекіту сабақтарының түрлі әдістермен өткізу" тақырыбын алдым. Осы тақырыпты алған себебім, оқушылармен бекіту сабағы - білімді меңгеру деңгейін байқау және сабақты қорытындылау мақсатында алдым. Әдетте, сабақтың аяғында ұстаздарға уақыт аз болып қалады. Сол себептен, сабақтың жоспарын жасаған кезде сабақтың тақырыбы, мақсаты ұйымдастыру кезеңі, тіл дамыту, жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс және бекіту. Сабақтың жоспарын жасаған кезде сабақтың құрылымдық сәтін міндетті түрде ескеру керек. Ұстаздың шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Макимова Ажар
Нұр-Сұлтан қаласы, №83 мектеп-гимназия
Достарыңызбен бөлісу: |