Топ жұмысы «От шашу» арқылы бағаланады.
Топтық жұмыс(ізденіс тапсырмалары)
1-топ: Әңгіме үзінділерін ретімен орналыстырыңыз, мазмұнын көркем әңгімелеп айтыңыз. (Ыбырай Алтынсаринің «Бақша ағаштары» әңгімесі үш түрлі түспен беріледі.)
2-топ: Әңгімені рөлге бөліп оқыңыз. Әңгіме сізге қалай әсер етті? Сейіт қандай бала? Мінездеме беріңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесімен жұмыстанады)
3-топ: Әңгіме мазмұнын қойылым арқылы көрсетіңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Әке мен бала» әңгімесі)
4-топ: Үзіндіні оқып, әңгімені өздеріңізше аяқтаңыз. Әңгімеге ат қойыңыз.
(топты тыңдап болған соң, дұрыс нұсқасы оқылады. Топтан әңгіменің түйінін табу сұралады)
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
«Әлемнің жеті керемет балалар көзімен» (бейнеролик көрсету)
Бейнеролик бойынша тыңдаушылар пікірлерін тыңдау
(Өз ойларыңызды айтсаңыздар).
«Суреттер сыр шертеді» (Суреттермен жұмыс)
Әр топқа суреттер сұлбасы беріледі.
А) суретті бояу,
Ә) тақырып қою;
Б) тақырыпты ашатындай нақыл сөздер келтіру;
В) Топтан «шебер әңгімеші» шығып қорғайды.
Топ жұмысы «Бағдаршам» әдісімен бағаланады.
Ой толғау бөлімі.
«Оқушы жетістігін бағалау: бағалаудағы жаңа қадамдар»
Рефлексия
«Табыс ағашы»
Қатысушылар коучинг-семинардан алған әсерін стикерлерге жазып, табыс ағашына жапсырады.
Ата- аналарға арналған коучинг
Тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»
Коучингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым - қатынас орнату арқылы мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру .Ата-аналарды өздерінің балаларының бағалау кезінде жан-дүниесін түсінуге білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |