Сұрақ қою: Сіздер критериалды бағалауды қалай түсіндіңіздер?
6.Ширату жаттығуы
Көбелектің суретін салайық.
1.Дәстүрлі бағалау.
2.Қазіргі бағалау.
7-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі
«Аспалы көрме» әдісін пайдаланып, оқушылардың суретерінен көрме жасау.
Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
- Мен ... туралы көзқарасым өзгерді...
- Мен ... жайлы хабардар болдым...
- Мені ... таңқалдырғаны..
Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес
(ақ қағаз шығарып таратып беру керек)
• Балалардың ҰБТ-дан алатын ұпай саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі дәрумендері көп тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
• ҰБТ-ы ертең тапсырады деген күні бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:
- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;
- Сұрақты соңына дейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына дейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);
- Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |