Педагогикалық кеңеске әзірлену және өткізудің төрт кезеңі бар:
• педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;
• нақты педагогикалық кеңеске алдын ала әзірлену;
• педагогикалық кеңесті өткізу;
• педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.
Педагогикалық кеңесті жоспарлау:
Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында. Бесінші педагогикалық кеңестің 3 мәжілісі өткізіледі.
1) емтиханға жіберу;
2) емтихан қорытындысы;
3) мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, әдетте мектептің жылдың жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын және жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналады. Негізінен 3 мәселені қарауға болады: еңбекті ұйымдастыру, оқу және тәрбие жұмыстары. Келесі педагогикалық кеңесте оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері талқыланып, оларды жою үшін ғылыми дәлелдері бар ұсыныстарды тәжірибеге енгізу жолдары белгіленеді.
Әдетте, педагогикалық ұжым әр жылға бір ғылыми-тәжірибелік мәселе қояды. Таңдалған тақырып педагогикалық кеңесте де талқыланып отырады. Мәселен, мектеп биылғы оқу жылында оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін көтеру және адамгершілік тәрбиесі деген екі тақырыпты алып, ол бойынша жұмыс істегелі отыр делік. Жыл бойы өтетін педагогикалық кеңестің жоспары мынадай болады:
Бірінші педагогикалық кеңес - тамыз айында. Қаралатын мәселе:
1. Адамгершілік тәрбиесі бойынша мектептің алдында тұрған негізгі міндеттер.
2. Оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетін белсенді ету тәсілдері туралы ғылыми-педагогикалық еңбектер және озық иодагогикалық тәжірибе.
3. Мектептің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Екінші педагогикалық кеңес - қараша айында. Қаралатын мәселе:
1. Балалардың қабілетін дамыту;
2. "Қиын"балалармен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |