3. Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
• мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру;
• типтік оқу бағдарламаларына сүйеніп оқу бағдарламалық құжаттарды, пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды жасау;
• оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;
• оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;
• жетіспейтін оқыту құралдарын жасау;
• тестілік тапсырмаларды жасау;
• озат педагогикалық тәжіриебені анықтау, зерттеу, қалыптастыру және тарату;
• жас мұғалімдерге көмектесіп, өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;
• пән бойынша байқауларды, олипиадаларды өткізу;
Мұғалім жұмысының табыстылығы өз біліктілігін тұрақты түрде жетілдіруге байланысты. Оған әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысын бақылайтын әдістемелік бірлестіктердің жұмысы көмектеседі. Әрбір мұғалім өздігінен білім алу жоспарының орындалу барысы туралы әдістемелік бірлестіктің мәжілісінде есеп береді. Әрбір мұғалімде бақылау жұмысының (мониторинг) нәтижелері, тоқсан қорытындылары туралы материалдар жинақталған папка болады. Мектеп директорының орынбасарлары әрбір мұғаліммен тоқсан қорытындысы және қатынасқан сабақтары бойынша әңгіме өткізеді.
Әдістемелік кеңес оқу-тәрбие поцесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын, педагогикалық кадрлардың әдістемелік оқуын ұйымдастыру Білім беруді ақпараттандыру және колледжде әдістемелік жұмыс пен оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыз етілу жағдайына диагностика жасау.
4. Әдістемелік жұмыстың түрлері:
• ұжымдық: бір пәннен беретін мұғалімдер атқаратын жұмыстар - мектепаралық, аудандық (қалалық) семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, көрмелер, шығармашылық кештер, кездесулер, кафедраның, мектептің, таңдаулы мұғалімі "Жыл мұғалімі" сайысы, авторлық бағдарламаларды, оқу құралдарын талқылау.
• топтық: шығармашылық топтарға біріккен мұғалімдердің жұмысы, оқушылардың білімін тексеру нәтижелерін, тест және сауалнама сұрақтарын талқылау, жаңа технологияларды, ғылым жетістіктерін талқылау.
• жеке жұмыстар: төлімгерлік, мектеп басшысымен жұмыс, өздігінен білім алу, рефераттар, сабақ жоспарлары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, дәстүрлі емес сабақтар.
Семинарлар. Оларға дайындық кезінде баяндамалар әзірленіп, мұғалім мектеп тәжірибесінен, деректі материалдар жинайды, қосымша әдебиеттер оқиды, құжаттармен танысады. Семинарда жекелеген мұғалімдер дайындаған баяндамаларын оқиды, басқаларын толықтырады, сұрақтар береді, пікірталастарға қатысады. Конференциялар және педагогикалық оқулар жылына бір рет өтіп, онда мұғалімдер есеп береді, бір мәселені шешуге бағытталған жұмыстарын көрсетеді. Мұғалімдер озық тәжірибемен танысып, пікір алмасады.
Шығармашылық топтар озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс-тәсілдерді енгізеді. Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысудан, белгілі бір гипотеза, жорамалдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтар оқу процесіне белсенді түрде ықпал етеді.
Тәлімгерлік. Жас мұғаліммен әңгіме оны мектептің дәстүрімен, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, жекелеген мұғалімдердің жақсы жұмыстарымен таныстырудан басталады. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары жас мұғалімді сабақ жоспарларын жасауға, құжаттарды дұрыс безендіруге үйретеді. Жас мұғалімнің сабаққа әзірлігіне көмектесуге баса назар аударылып, тәжірибелі мұғалімдер жас мұғалімдерге көмек береді. Ашық сабақтар – көмектің тиімді түрі. Олар диагностикалық карта негізінде жүргізіледі. Әдістемелік жұмыстың тиімді түрі – мектеп директорлары орынбасарларының кеңес-практикумдары.
Мұғалімдер диагностика жүргізіп, оқу-тәрбие жұмысын талдап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |