Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны



бет7/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Директор

Әдістемелік жұмыс
1. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтайтын құжаттар.
2. Әдістемелік жұмыстың мазмұны.
3. Әдістемелік жұмыстың түрлері.
4. Әдістемелік жұмысқа басшылық.

1. Әдістемелік жұмыстың құрылымы

Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да өткізіледі.


Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады.
Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді.
Аз құрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер құрылады.
Шет тілі мұғалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді. Әдістемелік жұмысты жоспарлау.
Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалады. Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы – мектепішілік педагогикалық оқулар, конференциялар. Оқу жылының яяғында мектеп мәселелерін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылады.
Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды. Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді. Ал педагогикалық кеңес мұғалімдердің мәселе бойынша атқарған тәжірибелік жұмысының нәтижелерін шығарады.
2. Әдістемелік қызметің басты жұмысы оқыту процесін дамыту үшін оқу тәрбие жұмысын түзету. Әдістемелік жұмыстың мақсатын анықтау – керекті нәтижені дұрыс белгілеу. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтайтын құжаттар:

• Қазақстан Республикасының заңдары, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары, нұсқаулары, бұйрықтары;


• Дәстүрлі әдістемелік қызмет мазмұнын көбейтуге жаңғыртуға мүмкіндік беретін мектепті дамыту туралы жаңа бағдарламалар, стандарттар және базистік оқу жоспары, авторлық баламалы бағдарламалар, оқулықтар және оқу құралдары.
• Әдістемелік қызметтің ғылыми деңгейін көтеретін жаңа психологиялық-педагогикалық, психологиялық-физиологиялық және әдістемелік зерттеулер.
• Әдістемелік мазмұнды өзгертетін инновациялар.
• Әдістемелік тақырыпты оның негізгі міндеттерін әдістемелік жұмысты және өздігінен білім алуды анықтауға көмектесу үшін оқу-тәрбие процесінің жағдайын, оқушылардың білімдік, тәрбиелік және даму деңгейлерін диагностикалау және болашағын болжау.
• Қатені түзетуге көмектесетін әдістемелік қызметтің көпшілік және озат тәжірибесі туралы ақпараттарды аудан, қала, аймақ, республика мектептерінен жинау.
• Әдістемелік қызметтің маңызды нысандарының бір түрі -педагогикалық ұжымның топтасуына көмектесетін мекемесінің бір әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеуі.

Оқу-әдістемелік жұмыс мектептің әдістемелік қызметі көмегімен жүзеге асады. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының оқу әдістемелік жұмысы жүйесінде, мұғалімдерді оқыту жетекші орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет