Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап жүргізіледі, олар



бет15/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Директор

Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап жүргізіледі, олар:
1) Бірінші саты - білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес шешімімен аттестациялық комиссияны құру және оны берілген мекеме басшысының бекітуі, аттестацияны ұйымдастыруға жауапты адамдардың тағайындалуы.
Аттестацияны өту үшін педагогикалық қызметкердің жеке ісінен келесідей құжаттар тізімі ұсынылады: аттестация өтуге өтініш, біліктілікті жоғарылату нәтижесі бойынша құжаттың көшірмесі, бақылау және басқа да білікті жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша эксперттік қорытынды, аттестациялық парақ, білім беру мекемесі басшысының берген хаттамадан көшірмесі.
2) Екінші саты - мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби әрекетінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.
3) Үшінші саты - бұл мұғалімнің кәсіби әрекетін және біліктілік деңгейін бағалау.
4) Төртінші саты - аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы және оның нәтижесі бойынша бұйрық шығаруы. Содан кейін аттестациялық комиссия шешімінің негізінде білім беру мекемесінің басшысы педагогикалық қызметкерге біліктілік санатын иеленуі туралы бұйрық шығарады. Соған байланысты педагогикалық қызметкердің санатына сәйкес еңбек ақы деңгейі көтеріледі.
2. Ұстаз еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар және оны бағалау көрсеткіштері.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Аттестация мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Аттестацияны өтуге ықыласы бар педагогикалық қызметкерлер жалпы және дифференцияланған талаптарымен таныс болулары тиіс.
Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:
1) Нәтиже көрсеткіші. Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы:
- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры;
- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді шешу);
- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну;
- оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі;
- маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық және экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру);
- жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті.
2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады:
- мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы (біліктілігін арттыру курстары);
- сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы;
- оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыру әскерлігі;
- балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет