ІІ. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі Төмен деңгей (0 балл)
Орта деңгей (+1 балл)
Жоғары деңгей (+2 балл)
Педагогикалық басқару жүйелерінің негізі нысаны Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əлеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр. Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады. Менеджмент идеясының дамуы, олардың мектеп жағдайларына əсер етуі жеке бір бағыттың пайда болуына əкеледі, ол мектепішілік менеджмент. Мемлекеттік басқарудың артықшылығының бірі (білімді), ол мемлекттік білім басқарудың жалпылама бағытқа өтуі. Бұл бағытқа өтудің бірден бір себебі мемлекет пен көпшіліктің ойын біріктіру арқылы ұстаздарға, қатысушыларға, ата-аналарға таңдау еркіндігін беру, яғни оқыту тəсілдерін, оқу ұйымдарын таңдауы. Таңдау құқығы жəне еркіндік адамды тек білім нысаны етіп қана қоймай, білім ұйымдарын, тəсілдерін, қарым-қатынасты таңдайтын белсенді тұлға етеді. Білім жүйесінің беделінің арта түсуі, ол білімге байланысты материалдық, қаржылық мəселелердің шешілуі. Ұйымдастырылған білім жүйесінде маңызды болып. Білім жүйесін дамыту бағдарламасы болып табылад. Бағдарлама ұйымдық басқарушылық жоба болып табылады, яғни оның мазмұны мемлекеттік саясаттың, білім жүйесінің қағидалары жəне жүргізілетін талдаудың жағдайы, білімнің даму болашағы арқылы анықталады. Сондықтан бағдарламаның үш маңызды бөлімдері қарастырылады: талдамалық, білім жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы; концептуалды, бағдарлама қызметінің бағыттары мен тəсілдері туралы; ұйымдастырушылық, көрсетілген қызметтің маңыздылығын анықтайды. «Білім туралы» ҚР Заңында көрсетілген, білімді мемлекеттік басқару жүйесінде келесі қағидалар көзделген, яғни олар жалпы адамдық құндылық, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғанаң еркін дамуы; ұлттық тəрбие жəне отанға деген сүйіспеншілік, яғни тəрбиенің жəне білім кеңістігінің бірігуі. Ұлттық тəрбие жəне дəстүрді сақтау мақсатындағы білім жүйесі, білімнің жалпыға қолжетімділігі, білім жүйесінің бөлімдерге, даму түрлеріне жəне қатысушыларына үйренуі, білім жүйесінің еркіндігі. Білім орындарының дербестігі: білімді жалпығы ортақ ету, яғни қатысушының ұлтына, тіліне, жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, əлеуметтік, тұрмыстық, қызмет беделіне, тұрғылықты жеріне, дініне қарамастан, біліммен қамтамасыз ету .
Білім басқармасы органдары қазір мынадай ұстанымды ұстануда, яғни білім бағдарламаларын барынша азайтып, оның орнына оқу көлемін көбейтіп жəне белсенді түлектерді дайындауын талап етуде. Білім жүйесі басқармасының органдары тек біліммен қамтамасыз етуге кепілдік беріп қана қоймай, тұлғаның жеке басының дамуына жəне өзін өзі тануына барынша жағдай жасайды. Білім жүйесінде мемлекеттік реттеу жасау үшін елімізде мемлекеттік басқарма органдар құрылады. Қазіргі таңда білімді басқару жүйесін орталықтандыру тиімді, себебі жоғарғы басқару органдары төменгі органдарға функцияларды атқару үшін нұсқау бере алады, яғни федералды органдар жалпы стратегиялық бағыттар ойластырады, ал аудандық жəне жергілікті органдар қаржылық, кадрлық, материалдық, ұйымның жағдайын қарастырып шешім қабылдай алады.
Жалпылама басқарудың ерекшелігі — мұнда мемлекеттік органдардан басқа жалпылама органдар құрылады, олар ұстаздар, оқушылар құрамы, ата-ана жəне халық. Олардың басшылыққа қатыса алуы осы мектептегі ұжымның қарым-қатынасының оң болуы жəне психологиялық климаттың оң болуына əсерін тигізеді. Мектептегі білім басқармасының беделді қызметтерінің бірі — мектеп кеңесі. Мектептің жоғарғы басқарушы органы конференция, ол жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Конференцияның атқаратын рөлі өте маңызды: жалпымектептік конференцияда Мектеп кеңесі, оның Кеңесшісі жəне олардың қызметі мен атқаратын уақыты тағайындалады. Əр мектеп өз конференциясында «Оқу орны жарлығын» қабылдайды, ол олардың қазіргі жағдайын, əдіс-тəсілдерін, болашақ даму көздерін қарастырады. Осыған байланысты əр мектептің өз жарлығы болуы жəне олардың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың басты бағыты «Жалпы мектептік оқу орындарының мемлекеттік уақытша жарлығымен» анықталады. Мектеп кеңесі осы мектептің даму бағытын, сапалы тəрбиенің болуын жəне қандай тілде оқытатынын таңдайды. Мектеп кеңесі уақытша жəне тұрақты комиссия, басқа түрлі бағыттары бойынша кеңес штабтар тағайындайды жəне олардың құқықтары, қызметінің шектерін анықтайды. Ұжымның жиналысында конференция делегаттарының 1, 2-сатылардағы қатысушылары тағайындалады, олар: ұстаз, мектептің басқа да қызметкерлері, ата- ана болуы мүмкін. Конференция аралықтарында жоғарғы басшылықтың орнын Мектеп кеңесі атқарады.
Мектеп кеңесінің қызметі келесі бағыттар бойынша анықталады: конференция шешімнің қабылдануын ұйымдастырады; ата-аналар мен қатысушылардың əлеуметтік құқықтарын қорғайды; бірінші сыныпқа қабылданатын қатысушылардың жасын жəне олардың мектеп киімін анықтайды; шығын есептерін қарастырады, мектеп қорын ұйымдастырады жəне мектеп бюджетінің қандай салаға жұмсалатынын анықтайды; мектеп директорының, оның кеңесшісі, ұстаздар туралы есепті тыңдайды; мектеп басшылығымен біріге отырып, ата-ананың педагогикалық білімінің артуына жағдай жасайды. Мектеп кеңесі ата-ананың, халықтың мүддесін қорғайды жəне басшылықпен де оң қарым-қатынаста болады. Мектеп кеңесі ата-аналарды қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Мектеп кеңесінің шешіміне екі не одан көп қатысушы дауыс берсе, ол күшіне енеді. Жалпылама басқарудың негізгі көрсеткіштері, ол білім жүйесінің жекешелендірілуі жəне білім орындарының диверсификациясы. Жекешелендірілу дегеніміз ол қазіргі кезде мемлекеттік емес оқу орындары құрылуда жəне олар мемлекеттік аппараттың басшылығында болмайды. Яғни, ұстаздар, тəрбиешілер, қатысушылар, ата-аналар өзіне тиімді болуы үшін мүмкіндіктер жасайды. Диверсификация (латын тілінен аударғанда жан-жақтылық, жан-жақты дамыту) ол мектеп ұйымдарының жан-жақты дамуы. Олар: гимназия, лицей, колледж, кей сабақтарды тереңдетіп оқытатын мектеп орындары.
Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары. Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурстар арқылы тағайындалуы, мектептегі өмірдің еркіндігінің бастамасы. Мектеп құрылуында ең маңыздысы, оның ақпаратының ашықтылығы жəне қол жетімділігі. Яғни осы мектепте тиімсіз жағдай орын алып жатса жəне одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл мəселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың əрдайым есеп өткізуі, мектеп кеңесінің, ұжымның, ұстаздың, ата ананың белгілі бір мəселеге араласып, өз көз қарасын білдіруі, осы мектепте еркіндіктің бар екенін білдіреді. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады [6].
Басқарудағы толықтылық жəне жүйелілігі, педагогикалық процестің табиғатын түсіну басқару тиімділігін арттырады жəне осы түсіне білу бірінші компонент болып табылады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін көре алу аздық етеді, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын жəне жоқ болуын анықтай білу тиіс. Басқаша айтқанда, оларға компоненттің əсерін, сапасын, болашақта дамуын жəне қатынасын көрсету керек. Осымен бұл қатынас екінші компонент. Үшінші компоненттің өзіне тəн қасиеттері бар, олар өз ықпалымен жаңа қатынас тудырады, яғни компоненттерді бөлімдерге бөліп қарастырады. Мектепті басқарудағы маңызды рөлді төртінші компонент атқарады, мұнда қоршаған ортамен байланыс көрсетіледі. Мектеп пен қоршаған ортаның қатынасы екі түрде болады. Біріншісі, мектептің қоршаған ортаға үйренуі, ал екіншісі — мектептің көздеген мақсатына жетуі үшін қоршаған ортаны өзіне бағындыруы. Мектепті басқарудағы толықтылық жəне жүйелілік екіжақты қозғалыс жəне байланысты басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық қызметтің анықтылығын, дұрыстығын, пайдалылығын көрсетеді.
Орталықтандыру мен деорталықтандыру өзара байланысты. Мектеп тарихы жəне педагогика орталықтандырудың көп мөлшерде жүргізілуі басшылықтың күшеюіне əкелетінін дəлелдеді. Орталықтандырылған басқару төменгі сатыдағы басқарушылардың, мұғалімнің, қатысушылардың көзқарасын қарастырмай, жекеше шешім қабылдайды. Орталықтандырудың маңызы өте зор, себебі ол болмаса, басшылықтың рөлі төмендеп, жұмыс сапасы нашарлайды. Себебі, ұжымдағы қарым- қатынас ушығып, қызметкерлер арасында қолайсыз жағдайдың туындауына əкеледі. Яғни, орталықтандыру мен деорталықтандырудың байланысы мектепішілік басқарудағы қарым- қатынастың реттелуі, жұмыс сапасының артуы, дұрыс шешімнің қабылдануына көмектеседі. Бірігушілік жəне ұжымды басқаруда бұл қағида педагогикалық жүйеде басшылықтың беделін арттырады.
Қазіргі кезде басқаруда ұжымдағы қызметкерлердің тəжірибесіне сүйенген жөн, яғни шешім қабылдағанда оны талдау, олардың көзқарасын тыңдау арқылы ортақ шешім қабылдаған жөн. Педагогикалық жүйеде жекешелік педагогика жəне психологиялық білімнің тереңдігіне, ұстаздың, қатысушының, ата-аналардың жеке психологиялық ерекшеліктерінің есебіне негізделген. Басқарудағы бірігушілік жəне ұжымдық, ол қарама-қарсы тұлғаның бірлік танытуын көрсетеді. Бірігушікте шешімдер тез қабылданатын болса, ал ұжымдылық өз «жайлылығымен» ерекшеленеді. Оқу-тəрбие жүйесінде бірігушілік жəне ұжымдылық жүргізу келесі қызмет түрлерінде бастау алады: жалпыға жұмыс істейтін кеңес жəне тексеру мүшесінің қызметі; шешім қабылдауда ұжымның кеңесі керек болатын конференциялар, съездер жұмыстары.
Педагогикалық жүйені басқаруда ақпараттың толықтылығы мен жан-жақтылығы. Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігі көбіне анық жəне қажет ақпаратқа байланысты болады. Ақпараттың толық жəне жан-жақты болуы үшін, оған тексеру жүргізіліп, талдау жасалуы қажет. Əлеуметтік-педагогикалық ғылымда ақпаратты ұстаз бен оқушылардың арасындағы қатынас не қоршаған орта туралы мəлімет болып есептеледі. Басқару жүйесінде көбіне ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтар туындайды. Мектепішілік басқаруда осы ақпараттың жетіспеушілігі шешім қабылдауда қиындықтар туғызады. Педагогикалық жүйеде ақпараттың жетіспеушілігі көбіне тəрбиелеу саласында қатты байқалады. Оқу-тəрбие процесінде біз көбіне қатысушының үлгерімі, білім сапасы туралы ақпаратты көбірек аламыз, ал оның жеке басы, мінез- құлқы, қасиеттері туралы ақпараттар аз болып келеді. Мектепішілік ақпаратпен жұмыспен тұлғағаосы ақпаратты қалай жинауды, сақтауды, қолдануды білу керек. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде тексеруді, сауалнаманы жиі ұйымдастыруы тиіс. Қазіргі кезде компьютердің жəне техникалық құралдардың енуіне байланысты ақпараттың жиналуы жəне оның реттелуі барынша азайды. Мектеп басшылығы өз қызметінде техникалық мектепішілік ақпаратты енгізуге жəне оның басшылық қызметкерінің ұстаздардың қолдануына мүмкіндік жасауы тиіс. Педагогикалық жүйеде ақпарат қажет, бірақ ең маңыздысы басқарушылық ақпарат, ол басқару жүйесіне байланысты тиімді ақпарат алуға көмектеседі. Басқарушылық ақпарат түрлі қасиеттер бойынша реттелуі мүмкін, олар: уақыт бойынша күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару жүйесі бойынша — талдамалық, бағалық, ұйымдастырушылық; түсу көздеріне байланысты — мектепішілік, ведомостволық, ведомостводан тыс; анықталуы бойынша — таныстырушылық, кеңестік жəне т.б.
Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқарудың ғылыми нысаны ретінде. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді. Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, көздеген мақсатқа дəл көрсетілген уақытында жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады [8].
Педагогикалық жүйенің жүйе қалыптастырушы факторлары. Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік педагогикалық жəне уақытша жағдайда қалыптастырылуы. Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастырылуы, ол тұрақты жағдай, оның анықталуы жəне дамуы мектепті басқаруды кем дегенде екі бөлімге бөлу керек: жалпы жəне жеке. Жалпы жағдайға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатады. Ал, жеке жағдайға əлеуметтік географиялық қатысушылардың құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық) мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқанын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасы, ата-аналардың педагогиканы білу деңгейі арқылы білуге болады.
Əлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға не ұжымдық субъект атқарады. Яғни, педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым басшылықтарының басқаруынан жұмысты тиімді атқаруға болады. Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады: бірінші саты — мемлекеттік органдармен жəне ұжыммен тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі. Екінші саты — ұжымдық жалпы еңбекке жауапты — мектеп директоры мен психологы, əлеуметтік ұстаз, мектеп директорының басқарудағы көмекшісі жəне өзін-өзі басқаруда қатысатын органдар. Үшінші саты — ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық жүргізетін ұстаздар, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші саты — сыныптық жəне жалпымектептік өзін-өзі басқаратын оқушылар. Аталған саты ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасын көрсетеді .
Басқару жүйесінде басты орын оқушылар ұжымына тиесілі жəне осыған байланысты екі көлденең басқару сатысын көрсетуге болады: жалпы мектептік ұжым жəне сынып ұжымы. Ал, тігінен басқару түріне жалпылама ұйымдар, спорт секциялары, творчестволық бірігушіліктер, үйірмелер, бригадалар жəне т.б. жатады. Педагогикалық қызметтерді шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі жоғарыда атап өткендей, ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу сияқты тəсілдерді білуі тиіс. Басқаша айтқанда, əрбір басшылықтардың назарында болуы тиіс. Аталған компоненттер өзінен-өзі пайда болмайды, олар ұстаз қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненттері бола алады.
Қалыптастырушы компонент болып педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық жүйенің қозғалысын, өзгерісін көрсететін қызметтер жатады.