Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық - әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау
Мақсаты: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық - әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау туралы білім негіздерін қалыптастыру
Қазіргі заман мектебі - күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып , тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз - мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжым, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың обьектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланыс бар ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін
тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады:
басқарушы және басқарылушы.
Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойыпотырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша
барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретінде мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі керек. Мектеп басшысы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажеттілігі туындайды. В.Г.Афанасьевтің пайымдауынша : «Басқару -қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттілігінен бастау алады».
20-21 ғасырлар тоғысындағы басқару білімінің
қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А.Файольдың еңбектерін атауға болады,ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негізіне айналған.Білім беру жүйесінің иерархиялық құрылымының әрбір элементінде, министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы орган (департаменттер, білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлері кездеседі, мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық . Басқарудың барлық түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С.Анисимов:
«Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек: басқару - адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейді»-деп, дұрыс айтқан. Мектеп директорының басшылық қызметі,
оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы
жауапкершілігі бар.
Әдістемелік жұмыс педагог кадрлардың, олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық.