Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі



бет16/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Директор

Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі:
Екінші санатты мұғалім - 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы жұмыс жасайды.
Бірінші санатты мұғалім - екінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы (бастауыш, 9 немесе 11 сынып түлектері). Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де ескеріледі.
Жоғары санатты мұғалім - бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және оларды жетілдіреді. Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар шығарады.
Кез-келген саладағы басқарушы қызметкер өндірушілердің үздіксіз қызмет көрсетуі мен олардың игіліктері үшін мүмкіндіктер мен белгілі бір шарттарды құруды қамтамасыз етеді. Егер басқарушы мұндай шарттарды құруға қатыспаса, онда ол міндетті түрде қызметінен босатылуы тиіс.
Жалпы менеджердің кәсіби қызметіндегі еңбегін бағалау үшін келесі көрсеткіштерге назар аударылады:

1) басқару дағдысының болуы: жоспарлау, реттеу, қажетті жағдайда стандартты емес шешімдер қабылдау, әкімшілік ету, ресурстарды дұрыс қолдану;


2) қызметкерлерді басқару дағдысының болуы: қол астындағыларды оқыту, қызметті бақылау, қызметкерлерді ынталандыру, реттеуді күшейту;
3) жеке бейімделу деңгейі: табандылық, қайсарлық, мақсаттың жолын ұстау, жаңаға қатынасы, біліктілігін жоғарылату;
4) жұмыс істеу сапасы: тәртіптілік, бақылаудың қажеттілігі, нәтижесінің тиімділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет