«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
________ Бөбетов Р.И.
«___» ___________
«КЕЛІСЕМІН»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
________ Пернебай Г.Т.
«___» ___________
ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ
Хаттама №________
ӘБ жетекшісі
__________ Ниязбекова А.
Протокол № ________
«___» ___________
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
МАТЕМАТИКА, АЛГЕБРА және АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ, ГЕОМЕТРИЯ
5 «Ә»,10 «Б», 11 «Б,В» -сыныптар
Пән мұғалімі: Смайлова Нагима Мейрбековна
МАТЕМАТИКА. Барлығы 170 сағат, аптасына 5 сағат
І ж.жылдықтағы сағат саны ____, ІІ ж.жылдықтағы сағат саны ____
АЛГЕБРА және АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ. Барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат
І ж.жылдықтағы сағат саны __, ІІ ж.жылдықтағы сағат саны __
ГЕОМЕТРИЯ. Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат
І ж.жылдықтағы сағат саны __, ІІ ж.жылдықтағы сағат саны __
2018-2019 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы « 25 » №545 қазан бұйрығына 8-1-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 199-1-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасының мақсаты - «Математика» пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.
Міндеттері:
«Сандар», «Алгебра»,«Геометрия»,«Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру;
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатарәртүрліақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;
қоғамдық ілгерілеу үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;
математика оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
2-тарау. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
3
|
1
|
3
|
3
|
6-сынып
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Достарыңызбен бөлісу: |