3-сыныптың оқушылары: 1) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;
2) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық өнердің көрнекті өкілдерінің аттарын;
3) монументалды өнер мен сәулет ескерткіштерінің, тарих ескерткіштерінің атауларын;
4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет және дизайн туындыларының айырмашылықтарын және осы өнер түрлерінің адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы білуі тиіс.
3-сыныптың оқушылары: 1) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель, борлар, қарындаштар, ермексаз, құрастыруға арналған қағаз);
2) көркем бейне жасауда белгілі көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды (ырғақ, фактура, реңк, бөліктердің арақатынасы, композиция, жарық көлеңкесі);
3) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;
4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет, дизайн туындыларын қарастыру және оларға қатысты эмоциялық көзқарасын білдіру және олардың осы көркем шығармашылық түрлеріне қатыстылығын айқындауды;
5) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;
6) өз бетінше шығармашылық қызметпен айналысуда: суретте және кескіндемеде (натурадан, есте сақтау арқылы, елестету арқылы салу), әдебиет және музыка туындыларына салынған суреттерде көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды;
7) заттардың пропорциясы, қарапайым перспектива заңдары, заттардың конструкциясы мен адам құрылымы туралы алғашқы түсініктер және оларды пайдалануды меңгеруі тиіс.
4-сыныптың оқушылары: 1) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;
2) мемлекеттік символиканы, туған өлкенің белгілі тарих және мәдениет көркем-тарихи ескерткіштерін;
3) қазақстандық және шетелдік өнердің көрнекті өкілдерін және олардың негізгі туындыларын, Қазақстанның ұлы сәулет ескерткіштерін;
4) бейнелеу сауатының негіздерін (түс, рең, пропорция, композиция);
5) кескіндеме түрлерін: қондырғы, монументальды, сәндік, миниатюра;
6) мүсін түрлерін: бедер, бюст, мүсін, ескерткіш;
7) сәулет құрылыстарының түрлерін: ежелгі сәулет, қазіргі амандағы сәулет, тұрғын ғимараттар, кесене, мешіт, мұнара;
8) көркемдік қолөнер түрлерін: зергерлік өнер, ағашқа ойып жазу, күйіктас, кілем тоқу;
9) еліміздегі және әлемдегі көркем мұражайлар атауларын білуі тиіс.
4-сыныптың оқушылары: 1) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;
2) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель);
3) туындының тақырыбын, негізгі ойын анықтауды;
4) көркем туындылардың жанрларын ажыратуды;
5) берілген немесе еркін тақырыпқа эскиз жасау, бейненің логикалық бірізділігін байқауды;
6) көркем шығармалардың композициялық орталығын, сюжетін анықтауды;
7) көркем шығармалардағы кейіпкерлердің қылықтары уәждемесін түсіндіру, туынды кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты жеке көзқарасын білдіру, олардың іс-әрекеттері мен қылықтарын шынайы өмірдегі жайттармен салыстырып көрсетуді;
8) шығарманы орындаудың техникалық тәсілдерін түсіндіруді;
9) суреттер мен композицияларда берілген көркем шығармалардың белгілі сюжеттері туралы толғануды;
10) қазіргі заманғы техникамен заттар жасауды: қағаз пластикасы, икебана, коллаж, граттаж, дизайн стиліндегі нақыш;
11) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;
12) адамның даналығы мен бай рухани өмірінің сұлулығын, адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығын бейнелейтін өнер туындыларынан мысалдар келтіруді;
13) өнер туындыларын бағалау, көрмеге, мұражайға және т.б. барған кезде өз пікірін білдіруді меңгеруі тиіс.
Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:
1) Қазақстанның, өз қаласының мәдениеті мен өнері үшін мақтаныш сезімін;
2) әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;
3) басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;
4) эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;
5) этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын көрсете білуі тиіс.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:
1) оқу және көркем-шығармашылық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін саналы түрде таңдау шеберлігін;
2) шығармашылық жұмыс және басқа да тәжірибелік іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған білімдерін;
3) жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.
5-сыныптың оқушылары: 1) бейнелеу өнерінің адам мен қоғам өміріндегі орны мен мәні туралы;
2) бейнелеу өнерінің барлық кезеңдерде өмір сүргені туралы, әртүрлі дәуірлердегі өнердің бейнелі тілдерінің көптүрлілігі және әлемді тану ерекшеліктері туралы түсінігін;
3) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары, өнер тарихында портреттің, пейзаждың және натюрморттың негізгі даму кезеңдері туралы;
4) бейнелеу өнеріндегі көркем мәнерлеудің негізгі құралдары (сызық, дақ, рең, түс, пішін, перспектива), бейнені ырғақты ұйымдастыру ерекшеліктерін;
5) әртүрлі көркемдік материалдар, көркемдік техникалар және олардың көркем бейне жасаудағы мәнін;
6) cәндік-қолданбалы өнердің бейнелі тілінің бастаулары мен ерекшелігін;
7) Қазақстанның бірнеше халықтық көркем қолөнерін білуі тиіс.
5-сыныптың оқушылары: 1) нақты материалмен жазық немесе көлемді сәндік композициялар жасау процесінде фактураны, түсті, пішінді, көлемді, кеңістікті мәнерлі пайдаланудың практикалық дағдыларын;
2) әлемдік және қазақстандық өнердегі портрет, пейзаж және натюрморт жанрларындағы көрнекті суретшілер мен өнер туындыларының аттарын;
3) бояуларды (гуашь және акварель), бірнеше графикалық материалдарды (қарындаш, көмір) қолдану, мүсін жасау дағдыларын меңгеру, коллаж техникасын;
4) заттың конструктивтік пішінін көру, зат және заттар тобын жазық және көлемді бейнелеу дағдыларын меңгеру; адам басының жалпы құрылу ережелерін білу; желілік және әуе перспективасының бастапқы ережелерін;
5) натурадан, елестету және есте сақтау бойынша бейнелеу кезінде жарықтандыру пропорцияларын, сипатын, түстік байланыстарды мәнерлеу құралдары ретінде көру және қолдануын;
6) әртүрлі халықтар мен кезеңдердің (мысалы, Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Қытай) сәндік өнерін стилистикалық ерекшеліктеріне қарай ажыратуды;
7) сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы (халықтық, классикалық, қазіргі замандағы) конструктивтік, сәндік, бейнелеу элементтерін анықтау, сондай-ақ материалдың, пішін мен декордың тұтастығын көруін;
8) бірыңғай стилистикамен біріктірілген заттай ортаның көркемдік-сәндік нысандарын (тұрмыс заттары, жиһаз, киім) жасауды;
9) әртүрлі материалдармен натурадан, есте сақтау және елестету арқылы шығармашылық композициялық жұмыстар жасауды;
10) өнер туындыларын белсенді қабылдау және өз түйсігінің әртүрлі деңгейлерін дәлелді түрде талдау, бейнелеу метафораларын түсіну және өнер туындысына тән әлемнің тұтас картинасын көруді меңгеруі тиіс.