Мектеп директоры Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Бейнелеу өнері пәні бойынша сағаттардың бөлінуі



бет6/10
Дата27.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#155269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бейнелеу өнері 1-4,5,6,9 сынып

Бейнелеу өнері пәні бойынша сағаттардың бөлінуі
1-сынып Барлығы – 33 сағат, аптасына 1 сағаттан
2–4-сынып Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан
5-6 сынып Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Оқу материалы

Сыныптар бойынша сағаттар саны

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Өнер туындыларын қабылдау

2

2

2

2

Кескіндеме

8

8

8

10

Графика

6

6

6

6

Мүсін өнері

4

6

6

6

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері

8

6

6

6

Сәндік-қолданбалы өнер

5

6

6

4

Барлығы

33

34

34

34




Мазмұны

Сыныптар бойынша сағат саны

Барлығы

5-сынып

6-сынып

Өнер туындыларын қабылдау

2

2

4

Графика

6

6

12

Кескіндеме

8

8

16

Композиция

6

6

12

Сәндік-қолданбалы өнер

4

4

8

Мүсін өнері

4

4

8

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері

4

4

8

Барлығы

34

34

68



Сызу пәні бойынша сағаттардың бөлінуі
9-сынып



Бөлімдер

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2

Сызбаларды орындау негізгі ережелері және геометриялық салулар

9

3

Проекциялау әдістері

8

4

Геометриялық денелер мен моделдердің проекциялары

12

5

Кескіндер - көріністер, қималар және тіліктер

12

6

Біріктірулер

6

7

Құрастыру сызбасы

8

8

Құрылыс және топография сызбаларының элементтері

6

9

Графикалық редакторындағы жұмыс негіздері

4

10

Қорыту

2




Барлығы:

68



Сызу пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі пəндік, тұлғалық, жүйелік-əрекеттік нəтижелері бойынша бағаланады.
Пəндік нəтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс жəне меңгеруі тиіс.
БІЛІМ:
9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:
1) КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;
2) жұмыс орнын ұйымдастырудың жəне сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін;
3) қарапайым геометриялық құрылымдар əдістерін: өзара параллель жəне перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты жəне шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды;
4) проекциялаудың негізгі əдістерін: тік бұрышты жəне аксонометриялық проекцияда жазық жəне кеңістіктік фигураларды салуды;
5) геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу жəне геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу əдістерін;
6) көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін;
7) қарапайым тетікбөлшектің эскизін жəне сызбасын орындау жүйелілігін;
8) ажырайтын жəне ажырамайтын біріктірулер түрлерін, бұранданың шартты кескінделуін жəне белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін;
9) құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын, құрастыру сызбасын оқу жəне бөлшектеу ретін;
10) құрылыс жəне топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын;
11) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс.
БІЛІК:
9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:
1) сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нəрсенің пішінін талдауды;
2) моделдің жəне тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі)
басты көрінісін, көріністердің тиімді санын тандауды;
3) қарапайым моделдің жəне тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді жəне қималарды салуды;
4) қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу жəне тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды;
5) қарапайым құрылыс жəне топография сызбаларын оқуды;
6) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды;
7) өмірде, тұрмыста жəне адамның кəсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді;
8) шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс.
Тұлғалық нəтижелер, оқушылар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, КҚБЖ стандарттарының талаптарын құрметтеуді;
2) белсенді азаматтық ұстанымын, елінің игілігіне еңбек жасауға дайындығын көрсете білуді;
3) салауатты өмір салтын ұстану, жұмыс орнын жəне жұмыс пен демалыс режимін тиімді ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуын;
4) адамдар арасындағы қатынастың биік мəдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау, оқытушыларды, өз жолдастарын қадірлеуді;
5) тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруге əсер ететін белсенділікті жəне жағымды эмоционалды сезінушілік тəжірибесін көрсетуді;
6) өздігінен білім алуға жəне жасампаз еңбекке дəлелділігі мен шығармашыл еңбектенуге қабілеттілігін айқындауы тиіс.
Жүйелік-əрекеттік нəтижелер, оқушылар:
1) сызбаны орындау жəне оқу барысында игерген білімдерін тəжірибелік іс-əрекеттің басқа түрлерінде;
2) əр түрлі əдістермен алынған ақпаратты талдай, жөндей, жинақтай жəне пайдалануды;
3) жобалау жəне құрастыру əдістерін шығармашылық есептер шығарғанда пайдалануды;
4) қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды;
5) курс шеңберінде дамыған байланыс қабілеттіліктеріне жəне көптілді мəдениеттілігіне иеленуді, техникалық терминологияны қолдануы тиіс.
Міндетті графикалық жұмыстар тізімі:
1) сызықтар түрлері және қаріптер;
2) шеңберді тең бөліктерге бөлу және түйіндесулер;
3) көпжақтардың проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, аксонометриялық проекциясы мен жазбасын құру;
4) айналу денелерінің проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, изометриясы мен жазбасын құру;
5) ойығы бар қиық моделдің кешенді сызбасы;
6) геометриялық денелер тобының сызбасы (бақылау жұмысы);
7) моделдің кешенді сызбасын көрнекі кескіні немесе аксонометриялық проекциясы бойынша құру;
8) моделдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін құру;
9) қарапайым немесе күрделі тілікті (таңдауы бойынша) қолданып, тетікбөлшектің сызбасын құру;
10) қималарын орындап тетікбөлшектің сызбасын салу;
11) бұрандалы біріктірулердің сызбасы (болтпен, винтпен және/немесе шпилькамен біріктіру);
12) тетікбөлшектің эскизін көрнекі кескініне немесе құрастыру сызбасына қарап салу (өлшемдерін қою);
13) тетікбөлшектің сызбасын эскизі бойынша немесе конструкциясын жарым-жарты өзгерту арқылы салу;
14) ғимарат сызба-нұсқасының және қасбетінің сызбасы;
15) қажетті тіліктерімен техникалық суреті (алдыңғы 1/4 қиылған) орындалған тетікбөлшектің сызбасын салу (бақылау жұмысы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет