Демонстрациялық тәжірибелердің жалпы сипаты. Демонстрациялық тәжірибе мүмкіндігінше жеңіл болу керек. Дегенмен, қандайда бір тәжірибенің күрделілігі және жеңілділігі шартты ұғым екенін білген дұрыс. Соңғы кезге дейін, кейбір құбылыстар мен заңдарды тәжірибе арқылы көрсету өте күрделі болғандықтан, орта мектепте қойылмай келді. Кейіннен жаңа аспаптардың пайда болуы, ол тәжірибелерді мектеп жағдайында қоюды жеңілдетті.
Жоғарыда көрсетілгендей, демонстрациялық тәжірибелердің көбінесе сапалық сипаты болуы керек. Есептеуді қажет ететін тәжірибелерге көп уақыт кететіндіктен, оларды не фронтальдық лабораториялық жұмыстар, не практикум қатарына ауыстырылады. Кейбір сандық сипаты бар көрсетілімдерде, демонстрациялық қондырғы элементтерінің параметрін, өлшеу нәтижиелері бүтін сандар болатындай етіп алады.
Демонстрациялық тәжірибелер қысқа уақытта көрсетілуі керек. Тәжірибе ұзақ уақыт бойы жүргізілгенде, оқушылардың тәжірибеге деген қызығушылығы мен зейіні төмендейді.
Тәжірибе көрсетілгенде, оның нәтижелері сенімді, оқушыларға ешқандай күмән келтірмеуі керек. Тәжірибенің сенімділігін сезгіштігі жоғары, өлшегіш аспаптар мен индикаторларды, және көрсетілудің арнаулы тәсілдерін қолдану арқылы арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |