Мектеп хбб нзм қызылорда қаласы Мұғалімнің аты жөні



Дата13.09.2020
өлшемі24,05 Kb.
#78436
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 1-тақ. 4-нұсқа ҚМЖ


Мектеп


ХББ НЗМ Қызылорда қаласы

Мұғалімнің аты – жөні

Ажибаева Ж., Бибатырова А.

Уақыты




Сынып: 10 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ бөлімі мен тақырыбы

Еңбек нарығы және сұраныс

Белгілі бір оқыту мақсаты

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі


Оқушылардың барлығы:

Оқылым мәтінінің мазмұнын түсінеді, басты кейпкерді қосымша мамандықпен салыстырады;



Оқушылардың көбісі:

Мәтін идеясын табады;



Оқушылардың кейбірі:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін талдайды.



Құндылықтарды

игерту


«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.


Пәнаралық

байланыс


Тарих, география

АКТ –ны

қолдану


дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер



Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог жәнежазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...



Алдыңғы білім


7,8-сыныптарда өтілген шешендік сөздер мен халық ауыз әдебиеті шығармаларын еске түсіру

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Қызығушылықты ояту кезеңі.



«Венн диаграммасы» әдісі. Оқушылар шығарма кейіпкер тміржолшы мамандығын ұстаз мамандығымен салыстырады.

салыстырыңыз.

Айырмашылығы

Теміржолшы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Ұстаз
















Сабақтың ортасы

10 минут


15 минут

5 минут



«Мағынаны тану» кезеңі

Оқылымалды тапсырмасы.

«Еңбек» тақырыбына қатысты нақыл сөздерді ұсынады, олардың мән-мағынасын талдайды.

Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.

Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» әңгімесінен үзінді

«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.

— Қара бұқасы болады дейді.

— Оның жаны бар ма?

— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?

Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.

— Ол қайда барады екен?

— Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.

Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.

Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.

— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді.

— Жассың ғой әлі, қалқам.

— Ой апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма

еді.

— Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма екен?



— Әзірше менің естігенімнің бәрі тұспал.

— Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым, бару жағын сонан соң қарастырарсың.

Сөз басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді. Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.

— Тосекеңбісіз? Төрге шығыңыз.

— Жоқ асығыспын,— деді от басына бір тізерлеп отыра берген Тосқанбай.

— Әлгі Нұрқасым «барып келіңізші» деп мазалап болмаған соң Қопа жаққа барып едім. Қопаны бастыра шойын жол жасап келеді екен. Соны біліп қайттым. Сенде жұмыс іздеп жүр дегенді естіп, айта кетейін деп едім. Мен қазір барып дем аламын да, таңсәріден көшемін. Үлкен балам екеумізге де жұмыс беретін болды.

— Сапарыңыз оң болсын! Мен де көшемін,— деді үй несі.

— Бірге болсын!— деп Тосекең шығып кетті.



Топтық жұмыс.

«Пікір» әдісі. Оқушылар әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін талдайды.

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үні

Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын салыстырад

Мұны қалай өзгертуге болады? Ұсыныстар













Бағалау дескрипторы:

1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды;

2. Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін ұсынады;

3. Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын салыстырады;

4.Мсәлелеге қатысты өз ұсыныстарын білдіреді.



Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Автор мәтін арқылы қандай идеяны көздейді? Оның идеясын өлең жолдарын толықтыру арқылы жеткізіңіз.



Оқушылар «Буриме» әдісі бойынша ұйқасқа өлең шығарады.

____________________________________кінәлы?

____________________________________сұрағы

___________________________________айтып,

__________________________________соғады.





Сабақтың соңы
5 минут


Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір ұсыныс.




Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)










Рефлексия
Сабақмақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге астыма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізеді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет