МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМЫ
Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ЗЫРЯН АУДАНЫ, ЗЫРЯН ҚАЛАСЫ
Аннотация.
Мақалада мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері кеңінен талданған. Қазіргі заман мектептеріндегі басқарудың міндеттері мен үрдістері және бағыттары көрсетілген. Сондай-ақ, басқару жүйесінің құралдары мен негізгі қағидалары қарастырылған. Қазіргі оқытуда басқарудың инновациялық педагогикалық бағыттары айқандалған.
В данной статье широко проанализированы особенности школьной организационной работы. Здесь хорошо показаны современные объязанности управления школой их принципы и направления. А также, рассмотрены структура и основные правила системы управления. Были проявлены инновационно-педагогические направления современного управления обучением.
This article widely analyzed the features of school organization work. There well showed modern school management responsibilities, their principles and directions. Also, there were considered the structure and the basic rules of the control system. There were clarified innovative – pedagogical direction of modern management training.
1 Кіріспе. Республикада білім беру жүйесі қоғамдауымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп рефрмасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Біз бүгінгі күні әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды ұстануда ең алдымен мұғалімдерді жаңаша оқытуға бағыттауымыз қажет. Дамыған елдерді білім беру жүйесіндгі тенденциялардың бірі – білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін –шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек. Сондықтан басқару жүйесінде әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басқарушылары мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жағын кеңіне қарастырған жөн.
Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқару жүйесінде келсідегідей жұмыстар үнемі назарда болу қажет:
-жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау;
ұжымның жағдайы мен қажеттілігін ескеру;
әдістемелік жұмыстың кезеңдерінің тығыз байланыста болуы;
ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста дамуы;
мұғалідерді мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға қатыстыру.
Яғни, әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеп, ұйымдастырушылық құрылымын, мақсат, міндеттерді дұрыс анықтау қажет.
әлеуметтік-педагогикалық
Психологиялық-педагогикалық
Ұйымдастыру-педагогикалық
Достарыңызбен бөлісу: |