Сабақтың тақырыбы: Педагогтың сөйлеу техникасы Ұсыным. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз ауызша сөйлеудің



Дата07.02.2022
өлшемі17,33 Kb.
#97620
түріСабақ
Байланысты:
20.11.20 ж. ПШН сызба


Күні: 20.11.20 ж.
Топ: 4 Ин-фо-1
Пән: Педагогикалық шеберлік негіздері
Сабақтың тақырыбы: Педагогтың сөйлеу техникасы
Ұсыным. «Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. ... Мұғалімнің өзін-өзі басқаруы, бақылау қабілетінің маңызы. Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады.
Тапсырма. Сөйлеу мәдениеттілігі компоненттері жоғары деңгейде қалыптасқан ұстаз тұлғасы қандай болуы керек? сызба үлгісін ұсыныңыз.

1) ұстаздық еңбек жолындағы алғашқы қадамы шәкірттің оқуға деген ынтасына терең мән беріп, шәкірт жүрегіне жол тауып, атқарылатын іске шын қызықтыра баулу;



2) ар-ождан алдындағы басты парызың мамандықтың басты шарты болғандықтан, ол сенен төзімділікті, ұстамдылықты, шыдамдылықты, шыншылдықты, әділдікті талап етеді. Оған машықтанып, дағдылану;




Сөйлеу мәдениеттілігі компоненттері жоғары деңгейде қалыптасқан ұстаз тұлғасы қандай болуы керек?

3) нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды таңдандыра, қызықтыра, шабыттандыра білу;машықтанып, дағдылану;

4) педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты – оқушыны жақсы көру, жылы жүзбен қарау, жеке басын сыйлау;

5) өз халқының мәдениетіне, тіліне, тарихына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарайтын нағыз адам қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет