2.1. Мектептегі әдістемелік жұмысты үйлестіру. Мектепті басқарудың құрылымының негізгі мақсаты: мекептегі педкадрларды диагностикалау арқылы кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту болып саналады. Тұлғалық қасетін талдау, кәсіби біліктілік пен шеберлігін жетідіру, инновацияларды меңгеруге үйрету сынды мазмұндық сипатқа ие болмақ. Мектепті басқару құрылымының ұстанымдары: ынтымақтастық, ізігілік, тұлғалық бағдар, даралау мен саралау, тиімділік пен нәтижелілік болып табылады. Басқару айқындалған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттерді және оларды орыдаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет. Басқару міндеттері ретіде келесідегідей топтарды атап өткім келеді:
1 . Бағытына қарай
2
Әдістемелік
Оқу-тәрбиелік
. Мазмұнына қарай
Оқушылар
мұғалімдер ұжымы
3. Басқару деңгейіне қарай
4. Уақыт, кезеңге қарай
1. Басқару міндеттері
М ектепті басқару әрекетінде мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда басқару принциптеріне сүйену керек. Басқару принциптері – бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі салаларын басқаратын органдар мен адамдардың өз жұмысында басшылыққа алып қолданатын негізгі ережелер.
Ғылыми-әдістеме қызметі
Ақпараттық әдістеме.
Тәжірибе-сынақ жұмыстары
2. Басқару қызметі бағыттары.
Қазіргі таңда басқару құрылымының ғылыми негізінде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру арқылы басқаруда бұқараландыру, басты назарда педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Мектепті басқаруда басшыларға және мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін жетілдіріп, оң шешеім қабылдауға, қызметті ішкі мотивация негізінде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипаттар керек. Сөйтіп, мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу керек: педагогикалық менеджмент, озат тәжірибелер, маркетинг, рейтинг пен мониторинг, білім беру технологиялары.
Деңгейлі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, педагогикалық басқарудың негізгі функцияларын таңдап алуға болады: жобалау-жоспарлау, ұйымдастыру-үйлестіру, бақылау - сараптама жасау.
Басқаруды ұйымдастыру басшы білігіне байланысты екенін ескере отырып, басқарудың барлық буынында менеджмент өнерін меңгеру, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет. Жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескеріп, қабылдау өте маңызды. Мектеп қызметін жаңаша ұйымдастыру, әр мектеп басшысының өз деңгейіндегі басқару рөлін арттыру, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдерін басқаша, тиімді негізде қайта құру, үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне, қызмет әдебіне, рухани-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – мектепті басқару құрылымының негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
2.3. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда ерекше талаптың бірі – басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету мектептің өмір сүруін қолдап қана қоймай, оның дамуын жүзеге асырады. Себебі жүзеге асырылып жатқан кез-келген құжаттың, үрдістің, шараның ақпараты қолда болмаған жағдайда білім мекемесі басшыларының мақсат пен міндеттерін дұрыс қоюы және оның табысты болуы екіталай. Мектеп басқаруды тиімді ұйымдастыру әдістемелік білім-білікпен бірге жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді
3. Басқаруға қажетті қабілеттер.
Мектеп басқару қызметі жүйесінде тиімді ұйымдастырудың тағы бір шарты инновациялық педагогика бағыттарын ескеріп жұмыс жасау болмақ.Ол келесідегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
этнопедагогика және әлемдік интеграция;
стандарттау мен технологияландыру;
стратегиялық ізденістер мен инновациялық зерттеулер;
менеджмент және көшбасшылық;
рейтинг және мониторинг.
Сөйтіп, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, мектепте оқытудың жаңа технологиясын енгізу, тұлғаның дамуына жағдай жасау және тек білімін арттырып қана қоймай, танымдық қасиеттерін, істеген еңбегінің нәтижесін көріп, саралау – мектеп басқаруда басшылыққа алатын негізгі қағидалардың бірі. Мектеп басшыларының педагогикалық ұжым жұмысына дұрыс және жанды басшылық жасау, оқушылардың білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу үшін күрес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |