Мектеп қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет4/4
Дата15.03.2022
өлшемі72,5 Kb.
#135703
1   2   3   4
Байланысты:
MEKTEP ZMETN YMDASTRUD EREKShELKTER 1420974880 87633

3 .Қорытынды: Қазіргі заман жағдайына білікті арттыру жүйесін ақпараттандыру педагогикалық кадрларды дайындаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс. Сондықтан, кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, мұғалімдердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын басты орта. Мектепте басқарудың жолдарын жан-жақты қарастыра отырып, өзімнің қызметімде мұғалімдерді ұйымдастырудың түрлі жодарын үздіксіз жетілдіріп отырамын. Әдістемелік кеңестер мен педагогикалық кеңестер отырыстарын түрлі тәсілдермен жүргізіп, мұғалімдерді шыңдауға бағыттауға тырысамын. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеймін. Отырыстарда «Миға шабуыл» сұрақтарын, «Х» кестесін шешу, «Мақсатқа жету пирамидасын» құру, «Салыстыру мен шешімін іздеу» сызбасын құрастыру тәрзді сан алуан шығармашылық тапсырмалар жүйесін жүргізіп отыру, мұғалімдерді кәсіби ісіне деген қызығушылыққа, белсенділікке баулиды. Топтар бойынша жұмытар жүйесін құрастыру, бірлесіп шешім қабылдау әр отырыстарда, кеңестерде өз жалғастығын табуда.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991

  2. Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.

  3. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.

  4. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.

  5. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.

  6. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет