Мектеп: Жалпы білім беретін №9 орта мектебі кмм



Дата08.09.2017
өлшемі77,38 Kb.
#29992

Пәні: химия

Мектеп: Жалпы білім беретін №9 орта мектебі КММ

Күні: 10.11.16

Мұғалім: Саданова Айман Манимбаевна

Сынып: 10

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§17-18 Химиялық реакциялардың жіктелуі: процестің бағыты, атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруі . 1-сабақ

Сабақтың мақсаты:


Тақырып туралы мәлімет бере отырып, тақырыптың мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге дағдай жасау.есептерді шығарылу жолдарын үйрету арқылы сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже:

  • Барлық оқушы (А):

  • Басым бөлігі: (В)




  • Кейбір оқушылар (С):

Химиялық реакцияларды жіктей біледі;

Түзілетін заттардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелері бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларын топтай алады;

Берілген тапсырмаларды толықтай орындап береді;



Тілдік мақсаты:

Күрделі химиялық қосылыстардың атаулары;

Алдыңғы оқу:

№ 1 бақылау жұмысы ХЭПЖ және химиялық байланыс

Қолданылған модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, оқушының жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу, ОүБ; АКТ.

Әдіс-тәсілдер:

Диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, әңгіме дебат, пікірталас, «Топтық тергеу» әдісі, «Үш жақты күнделік» әдісі , «Кім зерек?» әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар

Жұмыс түрлері:

Топтық,жұптық,жеке.




Сабақ барысы:

Кезеңдер, уақыты:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар:

Кіріспе. 3мин

Психологиялық ахуал.


Әрбір оқушы өздерінің көңіл күйлерін бас бармақтары арқылы көрсетеді.



Қызығушылықты ояту. 7мин

Өткенді қайталау: (ашық, жабық, түрткі, бағытталған сұрақтар қою)

Қатемен жұмыс:

  • ІІ – нұсқа 1.ХЭПЖ бойынша магний мен никель элементтеріне сипаттама жаз.

  • ІІ – нұсқа 4.Массасы 28 г кальций оксиді 2 моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кальций нитратының массасын есепте. ҰБТ-3-13-2012

Есептер мен жаттығуларды орындайды..





Негізгі бөлім.

30 мин.


Күнді жазады.

Блум таксономиясы

І.Білу(таным мен ойлау деңгейі-төмен деңгей)

1. Топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды;

  1. Баяндамашы- мәтінді мазмұндап айтады;

  2. Сұрақ қоюшы- мәтінге байланысты сұрақ қояды ;

  3. Сілтеме табушы- мәтіннің ішіндегі термин және түйін сөздерді табу;

  4. Дәнекерлеуші- оқып отырған мәтінді өмірмен байланыстырады;

  5. Бейнелеуші,суретші- осы тақырып аясында реакция теңдеулерін жазады.

ІІ.Түсіну(таным мен ойлау деңгейі –орта деңгей)

2. «Үш жақты күнделік» әдісі Заттардың құрамының өзгеруі арқылы жүретін реакциялар кестесін толтыру



Реакция түрі

Реакция теңдеуі

Құрамына түсініктеме

1




Na + S = Na2S




2

Қосылу реакциясы




Жай зат + күрделі зат = бір күрделі зат

3




AgNO3 + KCl = AgCl + KNO3




4

Айырылу реакциясы




Күрделі зат = жай зат + жай зат

5




HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O




6

Орын басу реакциясы




Металл + қышқыл = тұз + сутегі


ІІІ.Қолдану (таным мен ойлау деңгейі –орта деңгей)

3. «Кім зерек?» әдісі

2 тапсырма бойынша жұмыс:



«Протон» тобы»

№ 2 тапсырмадағы 1-ші реакция теңдеуінің құрамындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықта;



«Нейтрон» тобы

№ 2 тапсырмадағы 2-ші реакция теңдеуінің молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз;



«Электрон» тобы

№ 2 тапсырмадағы 3-ші реакция теңдеуін электрондық-баланс әдісімен теңестір;



ІҮ.Талдау (таным мен ойлау деңгейі –жоғарғы деңгей)

4. «Кім зерек?» әдісі

«Протон» тобы»

№ 7 жаттығу а) 83 бет



«Нейтрон» тобы

№ 7 жаттығу ә) 83 бет



«Электрон» тобы

№ 7 жаттығу б) 83 бет



Ү.Жинақтау (таным мен ойлау деңгейі –жоғарғы деңгей)

5. Оқулықтың 212 бетіндегі фосфор қышқылы тақырыпшасын және 224 беттегі күкірт қышқылы тақырыпшасын пайдалана отырып, Бертолле заңдылығы бойынша жүретін реакция теңдеңлерін жазып түсініктеме беріңіз;

ҮІ.Бағалау (таным мен ойлау деңгейі –жоғарғы деңгей)

6. № 2 тапсырмадағы кестені пайдаланып, бүгіні танысқан химиялық реакцияларымыздың құрамы бойынша қайсысы көрсетілмегенін анықтап жазыңыз;

Оқушылар топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды;

Тапсырма орындайды

Тапсырма орындайды

Тапсырма орындайды

Оқулық , дәптер



Қорытынды 3 мин

Синквейн - бес жолдық өлең

1 жол – зат есім (синквейн тақырыбы)

2 жол – екі сын есім (синквейн тақырыбын ашатын)

3 жол – үш үстеу (қозғалысты сипаттайды)

4 жол – сөйлем немесе фраза (тақырыпқа байланысты айтылған)

5 жол – синоним (резюме-сөз)










Үйге тапсырма: 2мин.

Қайталау

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Күнделікке жазып алады.

Қосымша ақпарат:

Бертолле (Berthollet) Клод Луи (9.12.1748, ТаллуарСавойя — 6.11.1822, Париж) — француз химигі, Париж Ғылым Академиясының академигі (1785), химиялық тепе-теңдік ілімінің негізін қалаушы. “Химиялық статистика” деген еңбегінде химиялық реакциялардың жүру бағытына әрекеттесуші заттардың табиғатықысымныңтемператураның қалай ықпал ететіндігін дәлелдеген. Ол А. Лавуазье, т.б. ғалымдармен бірге химиялық қосылыстардың жаңа жіктелемін жасады. 1785 ж. аммиактың (NH3), 1786 ж. көгерткіш қышқылдың (HCN), 1788 ж. күкіртті сутектің (Н2S) химиялық құрамын анықтады. Матаны, қағазды ағарту үшін хлор қолдануды алғаш ұсынған (1785), калий хлоратын (бертоле тұзы КСLО3) алған. Ол құрамы айнымалы қосылыстардың бар екендігін анықтады; бұл құрам тұрақтылық заңын ашуға мүмкіндік берді. Бертолле химиялық байланыс туралы гравитациялық теорияны ұсынған.[1]


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет