3 жастағы балаларға арналған қимылдық ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі. Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұймдастырған ойыны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратынын естен шығармау керек, өйткені үш жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарын қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындау мен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі – ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдылғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек.
«Мысық пен тышқан», «Аю мен аралар», «Сиыр мен шөп», т.б. қимыл қозғалыс ойындары ойналады.
Достарыңызбен бөлісу: |