Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері



бет1/3
Дата06.05.2020
өлшемі22,49 Kb.
#66163
  1   2   3
Байланысты:
0005e78b-5abfc8ae


Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.

Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

3.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:



  • Ойын сауық;

  • Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);

  • Коррекциялық (өзін - өзі түзету);

  • Әлеуметтендіру.

Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.

Қимыл-қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.

Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке,шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентін талғамайды.

Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.

Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ыңғайлы болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет