Ойын: “Дәрі дайындайық”
Жасы: 2-4 жас аралығы
Қажетті заттар: су, бояу, қасық, шыны ыдыс
Ойын барысы: “Қарашы, қуыршағымыз ауырып қалыпты, оны емдейтін дәрі жасайық. Ол ұшін мына дәріні суға араластырып, қуыршағыңа бере ғой.” деп балаға дәрі жасау ұсынылады. Ол үшін бояуды таза суға араластырамыз. Бала шыны ыдыстың жиектеріне қасықты тигізбей араластырулары керек.
Ойын: “Шашпа, төкпе”
Жасы: 2-4 жас аралығы
Қажетті заттар: құмыра, дәндер не ұнтақтар, су, ыдыс
Ойын барысы: алдымен құмыраға дақылды салып, оны оң қолмен ұстап, сол қолмен демеп бос ыдысқа құйып көрсетеміз. Егер бала құмырадан шашпай бос ыдысқа аударса, оны мадақтау керек. Дақылды аударып дағдыланған соң ұнтақпен, содан кейін сумен жұмыстанамыз
Ойын: “Крем араластыру”
Жасы: 2-3 жас аралығы
Қажетті заттар: ыдыстағы су, сусабын, шанышқы не қасық
Ойын барысы: Ыдыстағы суға бірнеше тамшы сусабын тамызып, балаға араластыру ұсынылады. Міндетті түрде сағат тілі бағытымен араластыруы керек. Су шашыраған жағдайда сулықпен сүрткізіп үйрету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |