Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет16/17
Дата11.09.2022
өлшемі175,5 Kb.
#149189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
«Өзіңді -өзің тани біл» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тануға жағдай туғызу. Қатысушылардың өзіндік санасы мен рефлексиясына ықпал ету.
Жабдықтары: доп, қалам, қарындаш, тілектері бар түрлі -түрлі қорап. Сабақ барысы:

  1. жаттығу- «көңіл-күй түсі». Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап, оны түсі сәйкес келетін қораптың тілігіне тастайды.

Психолог : қорапты ашып, балалардың көбісі бүгінгі сабаққа қандай көңіл-күймен келгендігін айтып береді.
Жаттығу: «Мен сенімен жүздесуге өте қуаныштымын».
Психолог: қазір мынадай тапсырманы орындандар: қасыңызда тұрған оқушыға қолыңызды созып, мынадай сөздерді айтыңыз: «Мен сенімен жүздесуге қуаныштымын». Ал ол өзінен кейінгіге осы сөздерді қайталайды. Сөйтіп, қайталанып барлығы қолынан ұстасып, шеңбер түзеді.
Үй жұмысын талқылау. Психолог: «Сенімен жүздесуге өте жақсы» тестінен қанша ұпай алғаныңызды білгіңіз келеді ме? Ол максималды балды айтады. Қалай ойлайсыз, кластастардың пікірін өзгертуге болады ма? Әр түрлі адаммен өзіңізді әр түрлі ұстайтыңызды сездіңіз бе? Кім өзін жақсы біледі? Сізге барлығы ұнай бере ме? Басқалардан қандай қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз? Өзіңді білу қажет пе?


Тақырыппен жұмыс. Өзіңе талдау жасау. «Мен кіммен қандаймын?»


«Ыстық орындық» ойыны.
Психолог: Қазір әрқайсыңыз сыныптастарыңыздың сіз туралы ойы, сіздің өзіңіз туралы ойыңызбен неғұрлым сәйкес келетіндігін анықтай аласыз. Әркім бірінен кейін бірі ортадағы орындыққа отырып, «Мен қандаймын» деген сұраққа жауап береді. Бұл үшін олар плакаттағы сөздер тізімінен бірнеше анықтаманы пайдалану керек. Ортада отырған адам оның ойымен сәйкес келетіндерін белгілеп отырады. Сәйкес келген ойлардың саны есептелінеді.
«Біз де» ойыны.
Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы адамдарға тән іс-әрекет туралы айтса, ойыншылар «біз де» деп қосылып отырады. Егер адамға тән емес іс-әрекет туралы айтса, қосылмауы керек. Байқамай қосылып, «біз де» деп қосылып айтып қойған бала ойыннан шығады.
Ойын жүргізуші:

  • Мен көлге барамын.

Балалар:

  • Біз де!

Ойын жүргізуші:
- Көлден балық ұстап алдым.
Балалар:

  • Біз де !

Ойын жүргізуші:

  • Балықты итіме бердім.

Балалар:
- Біз де!
Ойын жүргізуші:
- Итім балық жеді.
Осы кезде «біз де»- деп қалса, ойын тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет