Цифрлар айтысы.
Бір күні цифрлар нөлмен ұрысып қалады да, оны мазақтайды.
Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.
- Ештеңе, ештеңе,- деп баска цифрлар шулап кетті.
- Сендер түк түсіңбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағана қатар тұра қалсам бір қаңдай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді.
- Егер сенің оң жағына тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? - деді нөл беске. Нөл бестің оң жағына тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына тұра қалып, цифрлардан олардың қаңдай сандарға айналғандарын сұрап шықты.
- Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар деисіндер. Көне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен мендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма:
5-5 - .., 7-7 - .., 9-9 = ... .
- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтың болды. Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.
- Мен барлығыңнан үлкенмін, мен қайдағы бір кішкентай бір емеспін ғой, - деп мақганып тоғыз шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.
- Ал, қанеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой).
- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсын. Он тоғыздан үлкен емес пе?
Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты.
- Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар кезек-кезек келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.
Цифрлар осыдан кейін өз қателіктерін түсініп, айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады?
Қорытынды: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрса ғана үлкен, ал егер олар бір-бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы — санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытындыны оқушылардың өздері жасағандары дұрыс.)
Ескерту: Бұл ертегіні көрініс түрінде көрсетуге болады. Тоғыз оқушы цифрларды бейнелесе, мұгалім автордың сөзін оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |