«Қандай сурет салғың келеді, балақай» Мақсаты: балалардың сурет салуға деген ынтасын ояту, мазмұнын ойлап табу. Ойлай білу қабілетін дамыту. Өз бетімен әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Барысы: Балалардың көп затты сала білетіндерін еске түсіріп өту. Өз бетімен сурет салуларын ұсыну. Жұмыс барысы кезінде кімнің не салып жатқанын сұрап, бағыт - бағдар беріп отыру.
Қарындашты дұрыс ұстау тәсілдерін естеріне түсіру. Суреттерді талқылау кезінде өздеріне таныс заттардан басқа жаңаша заттарды бейнелеген балаларды мадақтау.
Біз не білдік?
Өз ойыңды суретпен бейнелей білуге болады.
Көп заттар дөңгелек пішінге ұқсайды.
«Ағаштар» Мақсаты: көлденең сызықтар салуға үйрету. Көре білу қабілетін дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Барысы: Балалармен ағаштардың бітімін еске түсіру. Балалармен ауада көлденең сызықтар салу. Суретті қағаздың дәл ортасына, түгел қағаздың бетіне түсіріп жасау. Ағаш бұтақтарының көлденең, әрі төмен қарай сәл иіліп тұратынын атап өту. Балалардың назарын бұтақтардың ағаштағы бұтақтардың қысқасы да ұзыны да бар екендігін атап өту.
Сабақ соңында «Біздің ауладағы ағаштар» атты көрме ұйымдастыру. Балалармен бірге талқылау.
Біз не білдік?
Ағаштардың бұтақтары көлденең сызықтарға ұқсайды.
Бұтақтар ұзын да қысқа да болады.
Ағаштардың бұтақтарын сындыруға болмайды.