Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу



бет24/24
Дата04.03.2022
өлшемі196,97 Kb.
#134303
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Бектасова Балнұр ТП-18-2к1

Күні:

Тақырыбы: «Алмұрт»

Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері

Ортаңғы топ



Мақсаты:

Алмұрттың суретін бояуды үйрету.

Міндеттері:



Білімділігі: Жеміс түрлерімен таныстыру (алма, алмұрт), қағазға салынған жемістердің суреттерін көрсету, алмұртты бояуға үйрету.
Дамытушылығы: Тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар және қолданылатын көрнекіліктер:

Магнитті тақта, алма мен алмұрттың дайын суреттері, үлестірмелі материалдар.

Әдістер:

Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.

Сөздік жұмыс:

Жеміс

Мотивациялық-
Қозғаушылық

Шаттық шеңбері
-Балалар, егер біз табиғатты аяласақ, ол өзінің көп жемісін береді.
-Кәне, бәріміз баққа барып қайтайық.
Тамаша ғой бақшамыз,
Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз,
Бәрін, бәрін білеміз.
-Балалар, баққа барғанды ұнатасыңдар ма?

Негізі:

Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Билингвалды компонент: жеміс-фрукты
Сөздік жұмыс: жеміс.
Дидактикалық ойын: «Қандай жеміс?»
Педагог балаларға жемістердің суреттерін көрснтіп, қандай жеміс екенін сұрайды.
Сергіту сәті.
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-а.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау!
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Балаларға қағаз тарату алмұрттың суретін бояу.
Магнитті тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді (алмұрт) салып көрсетеді.
-Алма қандай түсті?
-Алмұрт қандай түсті?
-Алма мен алмұрттан сусын қайнаттуға болады, тосап жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Қорытынды:

Педагог балаларды мадақтайды.
-Біз бүгін қандай жемістермен таныстық?
-Біз неден сусын жасадық?



Қорытынды.

Сурет -бейнелеу өнері шығарашылығының негізі . Мына дамыған заманның бірден - бір талабы , жан –жақты үйлесімді дамыған тұлға болып шығу . Ауызға тиек ете өтсек , шығармашыл тұлға болуда оңай емес . Амал жоқ, казіргі заманның талабы солай . Сондай - ақ балаларымызды жан - жақты білікті де білімді , сауатты да білгір , талғампазшыл да шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі . « Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастауы олардың қолдарының ұшында » деген қанатты сөздер бекер айтылмаған . Яғни , баланың қолы неғұрлым шебер болса , соғұрлым бала зерек болады . Қазіргі таңда елiмiзде мектепке дейінгі жастағы балалардың қылқаламга ( сурет салуга ) деген қызығушылықтары арту үстінде . Балалар балабақшада сурет салу барысында түстердi жақсы пайдаланады . Бұл олардың қызығушылықтары бар екенін айқындайды.


Сурет салу өнері ең бірінші баланын жазуды дұрыс жазуға үйретеді . Нашар жазатын 4 –5 жасар баланың жазуын түзейді . Сонымен қатар балалардың қол моторикасы мен таным қабілеттерін дамытуға орасан зор пайдасы бар . Орнында отыра алмайтын шыдамсыз балаларды , бір орынға отырып , жазуға, салуға дағдыландырады . Әсемдікке , эстетикалық тәрбиеге , түсті таңдап шешуге , көркемдікке , талғамға , өзіндік жұмыс жасай алуға тәрбиелейді . Бейнелеу өнері жалпы балалар үшін орасан зор пайдасы бар . Тіпті сурет сала алатын бала және сала алмайтын бала үшінде . Эмоционалды көңіл -күйіне , психикалық жағдайына және өзіндік қорқынышын ( стресс ) шығаруға көмектеседі . Саусақтармен сурет салу - ең қарапайым , әрі жеңіл жұмыс болып табылады . Бұл балаларға өте қызықты болады .
Мектепке дейiнгi түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестiгiн , белсендiлiгiн , өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара , әрі таңдамалы . Бейнелеу жалпы баланың дамуына өте бай мүмкіндік туғызады . Бұл тұрғыда әрине, сурет салуды ерекше атап өтуге болады . Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді , қоршаған ортаны тануға жәрдемдеседi , ойлауға және эстетикалык дамуға көмектеседі . Сурет өнері көру , есін , кеңістікті ойлауды дамытп, образды елестету қабілетін арттырады . Ол нақты есептеуге , табиғат әсемдігін тануға үйретеді , ойлау мен сезу икемділігін арттырады . Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті- балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс көре білуге үйрету.
Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды , олардың алуан түрлі формаларымен , түстерiмен , өлшемдерімен және баска да ерекшеліктерімен , танысуға тиіс . Бұл таныстық зат туралы елестетулерiнiн нақты және толық болуына ықпал етіп , көру әсерін кеңейте түседі . Бейнелеу процесі балаларға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Лев Выготский: "Воображение и творчество в детском возрасте"

  2. Байжігітов Б,Ибраева М. Эстетикалық оқу тәрбие жүйесі мәселелері. Қазақстан мектебі. 1992ж №6

  3. Балкенов Ж. Сурет салуға үйрету. Алматы, мектеп 1987

  4. Отбасы және балабақша» Республикалық журнал. 2011ж

  5. «Өзін-өзі тану» Республикалық журнал 2011ж

  6. Б.Әлмұханбетов, «Бейнелеу өнерінің әдәс- тәсілдері 2000ж.

  7. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана 2012жыл.

  8. Ф.Ниязбекова. М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл.

  9. Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.

  10. БолатбаевҚ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер.-Алматы. Атамұра 2000жыл.

  11. Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос.2000

  12. Артемова Л. Р. Мектепке дейінгі балаларға арналған қоршаған ортадан дидактикалық ойындар.М.:Просвещение,1992.

  13. Құрастырған: Сұлтанова Г.С. «Ағарту ісінен-қазіргі заманғы педагогикалық тиория мен практикаға дейін» Атырау 2007ж.

  14. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы 2002ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет