«Түсіне қарай жина». Ойынның мақсаты: балаларға жыл мезгілдері тақырыбына байланысты түстерді ажыратып, суреттерді жинақтау, әр түске сәйкес суреттеді тауып орналастыру ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі суреттер беріледі, балалар өз қиялымен түстерді топтастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.
«Әдемі кілемшелер». Ойынның мақсаты: балаларды бөліктерден кілемше жасауға үйрету; түстерді ажыратып, суреттерді жинақтау, әр түске сәйкес суреттерді тауып орналастыру ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Әр түрлі суреттер беріледі, балалар өз қиялымен түстерді топтастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |