«Сиқырлы пейзаж» ойынының мақсаты – балаларға пейзаж туралы түсінік беріп, түрлі қиынды суреттерді пайдаланып, сюжетті суреттер құрастыру, заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.
«Пейзаж құрау» ойынының мақсаты – балаларға пейзаж туралы түсінік беріп, түрлі қиынды суреттер пайдаланып, пейзаж құрату,балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Құрал-жабдыққа түрлі сурет қиындылары беріледі, балаларға өз қиялымен құрастыру ұсынылады.Балалар жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті пейзаж құрайды.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.
«Суретті жалғастыр» ойыны. Мақсаты: Балаларға әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттер беріледі, жалғастыру және пішіндерден өз қиялдарымен сурет салу ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі суреттер беріледі, балалар өз қиялымен құрастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады
Достарыңызбен бөлісу: |