Сабақ Тақырыбы: «Қабырға шахмат фигураларын ойып жасау». Сыныбы: 9 сынып Пәні: Технология Мұғалімі: Нүсіпбаев Ж.Қ. Тараз қаласы



Дата08.09.2017
өлшемі192,67 Kb.
#30840
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Қабырға шахмат фигураларын ойып жасау».

Сыныбы: 9 сынып

Пәні: Технология

Мұғалімі: Нүсіпбаев Ж.Қ.

Тараз қаласы

Нусипбаев Жансерик Куантаевич

20.12.14 ж. Техноголия 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қабырға шахмат фигураларын ойып жасау

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ағаш өнері туралы білім

  1. Лобзик арасымен ою оюды үйрете отырып, оқушыларды шыдамдылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.

  1. Ағаш ою өнері туралы түсініктері мен шеберліктерін дамыту.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Сурет,сызу

Сабақтың көрнекілігі: Плакат,эскиздер

Құрал-саймандар: Лобзик, рашпель

Уақыттың бөлінуі:

1.Ұйымдастыру кезеңі 3-минут

2.Өткен сабаққа шолу 2-4- минут

3. Жаңа сабаққа кіріспе

4. Техника қауіпсіздігі ережесі 2-4- минут

6. Практикалық кезең

6.Қорытындылау

Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткен сабаққа шолу

а) домбыраны қандай ағаштан жасайды?

ә) домбыра беті қандай ағаштан жасалады?



Сабаққа кіріспе: Оқушыларды соңғы технологияның

нәтижесінде пайда болған ағаш материалдарымен

таныстыру.

Жаңа сабақ:

Сабақ барысы: 1. Оқушыларды түгендеп, тыныштандырып, зейіндерін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасына шолу.

3. Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы-

Қабырға шахмат фигурасы.Балалар, шахмат

фигурасын жасамас бұрын біз шахмат ойынының

тарихына шолу жасайық.



Оқушыларға сұрақ:

  1. Балалар, шахмат ойыны қай елде пайда болған?

  2. Шахматқа ұқсас тағы қандай ойынды білесіңдер?

  3. Өзіміздің халқымызда осы шахматқа ұқсас қандай ойын бар?

Негізі шахмат ойыны ертеде Үнді елінде пайда болған. Шахматтың өздерің айтқан басқа ойындардан айырмашылығы ондағы фигураларда. Шахматтың бір кереметтігі мұндағы фигуралар мемлекеттік құрылым формасында жасалған. Мәселен, шахмат адамның стратегиялық ойлау қабілетін арттырса, тоғызқұмалақ ойыны адамның математикалық щйлау қабілетін арттырады.Ал, балалар ,тақтаға қарайық. Міне ,тақтада шахмат фигурасының жасалу жолы көрсетілген технологиялық картаны көріп отырсыңдар. Мұнда бір айта кететін жағдай қазіргі кезде болып жатқан жаңа материалдардың бізге көрсететін көмегі жұмысымызды кәдімгідей жылдамдатады. Ол шахмат фигурасын жасайтын материал.Балалар, тақтадағы технологиялық картаны қараңдар.Мұнда қабырға шахмат фигураларын құрастыру жолы анық әрі көзге көрнекті көрсетілген. Бүгінгі сабағымызға қолданылытын материалдарымыздың аты- фанер және ДВП. Біз оларға алдымен қолданатын өлшем бойынша қабырға шахмат фигурасының суретін саламыз.Оны тақтайдағы суреттегідей алдарыңджа тұрған ою оятын құралмен кесеміз. Ол құралымыз лобзик деп аталады. Бұл құрал арнайы жұқа ағаш материалдарынан ою оюға арналған құрал. Ал, балалар, шахматтың бүкіл әлемдік дамуы қабырға шахматының пайда болуына әсер етті. Қабырға шахматының пайда болуы шахмат фигураларының формаларына өзгеріс ендірді.

Кароль: Ферзь: Офицер Конь Ладья Пешка



Техника қауіпсіздік ережесі:

Ал,енді балалар,жұмысқа кіріспес бұрын біз құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысамыз.Лобзикпен,құмқағазбен,рашпильмен. Ал.енді жұмысқа кірісеміз.



Қорытындылау: 1.Ал,балалар бүгінгі сабақта біз не өттік ?

2.Шахмат ойынының шығу тарихы туралы біз не білеміз?



3.Қабырға шахматының стол шщахматынан айырмашылығы неде?

Сабақта алған біліміміз бен үйренгенімізді айта отырып,жақсы жұмыс көрсеткен оқушыларды бағалап,сабақты аяқтаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 061c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
061c -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы : Дойбы ойыны. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет