(БОӘ): «Поезд» құрау (17 мин)
(СТ): Тапсырма
Әр топқа поездың бірнеше вагондары беріледі. Вагонның артындағы тапсырмаларды орындап, тақтаға вагондарды іледі. Вагондарды бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді. Бұл әдіс оқушыларды шапшаңдыққа баулиды.
1-тапсырма: (5 мин)
6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару мақсатына сәйкес тапсырмалар(топтық жұмыс)
Уақыт
|
3 с
|
?
|
14 с
|
Жылдамдық
|
56,3 км/с
|
81 км/с
|
?
|
Жүрілген жол
|
?
|
162 км
|
910 км
|
Дескриптор: Білім алушы
1. Есептің сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
2. Белгісіз элементтерді толтырады;
3. Жауабын жазады.
2-тапсырма: (5 мин)
6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу мақсатына сәйкес топтық жұмыс
Шаршы қабырғасының ұзындығы а см. Қабырғасының ұзындығы берілген шаршының қабырғасының ұзындығынан 5 см кем екінші шаршының периметрін және ауданын табу формулаларын жазыңдар.
а = 7 см:
а = 20,5 см
болғанда екінші шаршының периметрі мен ауданын есептеңдер.
Дескриптор: Білім алушы
Есепті жұпта талқылайды;
Сипаттамасы бойынша шаршының периметрін табу формуласын жазады;
Шаршының ауданының формуласын жазады;
Формуланы қолданып шаршының периметрін табады;
Формула арқылы шаршының ауданын табады.
3-тапсырма: (7 мин)
6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу мақсатына сәйкес топтық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |