Мектеп мұражайлары қызметінің ТҮрлері мен негізгі бағыттары. МҰражайларды орналастыру, жобалау және қҰжаттау


Қорды сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі43,11 Kb.
#122721
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Лекция Музей

Қорды сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету. Барлық жинақталған материалдар музей қорын құрайды. Олар білім басқармасы куәландырған заттар тізімі кітабында есептеледі (тарих, мәдениет, табиғат ескерткіштерінің түпнұсқасы) және қосымша қорлар.
Музей қорын сақтау, ұйымдастыру жауапкершілігі мектеп директорына жүктеледі.
Ерекше ғылыми-тарихи және көркемдік мәні бар тарихи, мәдени ескерткіштер (оның ішінде ордендер мен медальдар) және мектеп музейі сақтай алмайтын бұйымдар музей қорына кіргізілмейді. Көрмеге қойылмайды.
Мектеп музейі өз қызметін тоқтатқан жағдайда, білім беру және мәдениет орындарының бұйрығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық мұражайларға қорды тапсыру жүргізіледі.
Мектеп музейлерінің арасында мемориалды музейдің алатын орны ерекше. Қазіргі күнгі музейтану ғылымында бұл музейлердің маңыздалығына байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірқатар зерттеушілер, мемориалды музей деген - жеке тұлғаны немесе оқиғаны есте қалдыру үшін ұйымдастырылған, оның құралған жерімен байланысты жоқ дейді. Кейбіреулер бұл анықтаманы толық емес, ол тек мемориалды музейдің бір бағытын, жеке тұлғаға оқиғаға байланытылығын ашады деп есептейді. Көптеген мемориалды музейдер тарихи оқиғалар орнында, ғимараттарда ұйымдастырылып, белгілі қайраткерлер мен тұлғалардың өмірі, қоғамдық қызметі жайлы тікелей мәлімет береді. Сонымен қатар, жеке бөлінген бөлмеде құрылып, тек сол адамның қолданған заттарына сүйеніп жасалған музейлер де болады.
Жалпы мемориалды музей дегініміз - жеке тұлғаға нмесе оқиғаға арналған, тарихи жерде (үйде, пәтерде, оқиға болған жерде т.б.) ұйымдастырылып, оқиғаның өтуіне немесе адамның өміріне тікелей қатысы бар мемориалы заттардың жинағын иеленетін музейлер. Осы анықтама теориялық музейтану ғылымында кең тараған. Мемориалды музейдің басты мақсаты – шынайы оқиғаны қалпына келтіру, насихаттау қызметін атқарады.
Музейтанушы С.А. Каспаринскаяның айтуы бойынша:
“Мемориалды музейлердің біз үшін маңызы – атақты адамдардың өмірбаянымен, тұрмыс – тіршілігімен, қызметімен танысу ғана емес, оның өзімен, айналасымен тұрмыс – тіршілігінің ерекшелігімен, оны қызықтыратын заттармен оған жақын ортада танысу. Мемориалды музейлерден басқа ешбір музей мақсатты көздемейді. Оның ерекшілігінің негізгі осында”.
Мемориалды музейлер бірнеше түрге бөлінеді:
Бірінші топ - бастапқы қалпы толық сақталған мемориалды ғимаратта, еш бүлінуге ұшырамаған мемориалды жабдықтарымен жабдықталған. Бұндай музейлерді мемориалды музейлердің эталоны деуге болады.
Екінші топ - бастапқа қалпы өзгеріске ұшырауы есебінен реставрация жасалған ғимаратта, толық сақталмаған жабдықтармен жабдықталған.
Үшінші топ - толығымен реконструкция жасалған ғимаратта, түпнұсқасының жоғалуына байланысты кейбір заттардың көшірмесі жасалған музей.
Төртінші топ - реконструкция жасалған ғимаратта орналасып, ішкі жабдықтары да ғылыми реконструкция нәтижесінде жасалған музейлер.
Қорытындылай келе, мектеп музейлері - болашақ ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, оларды, ғылыми-зерттеу жұмысына жетелейтін орталық. Сондықтан, мектеп музейлерін ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу, үлкен көңіл бөлуді талап ететін іс-шара екені сөзіміздің дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет