Мектеп: Омар Молдағожин атындағы орта мектебі Мұғалімнің аты –жөні: Нурпеисова А. К



Дата11.10.2019
өлшемі271,9 Kb.
#49674
түріСабақ

Күні:

Сынып: 10

Мектеп: Омар Молдағожин атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты –жөні: Нурпеисова А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.4.1 – сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Импульстің сақталу заңын түсінеді

  • Энергияның сақталу заңын түсінеді

Сақталу заңдарын пайдалана отырып, есептер шығара алады.

Күтілетін нәтиже

Импульстіңсақталузаңынбіледі

Импульстіңсақталузаңынпайдаланып, есептершығарады

Энергияның сақталу заңынбіледі



Энергияның сақталу заңынпайдаланаотырып, есептершығарды







Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Масса

Масса

Mass

Импульс

Импульс

Pulse

жылдамдық

Скорость

Speed

күш

Сила

Force

серпімді қақтығыстар

упругое столкновение

elastic collision

серпімсіз қақтығыстар

неупругое столкновение

inelastic collision

Кинетикалық энергия

Кинетическая энергия

kinetic energy

Потенциалдық энергия

потенциальная энергия

potential energy




Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Математика, химия

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Энергия, импульс 9-сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ойлану/

Ақпарат



8 мин



Оқушылармен амандасу, түгендеу

Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу үшін төмендегі тапсырмаларды орындау қажет.


Презентация

Жаңа сабақ

20 мин


  1. Импульстің сақталу заңы

Импульстің сақталу заңын оқып-үйрену үшін, тұйық жүйедегі массалары бірдей, жылдамдықтары әртүрлі екі дененің өзара әсерлесуіқарастырылады. Импульстің сақталу заңы Ньютонның екінші және үшінші заңынан қорытылып шығады.

Әсерлескен екі дененің импульстерінің өзгерісі модульдері бойынша тең де, бағыттары қарама-қарсы болатыны дәлелденеді.

Ары қарай заң тұжырымдалады: тұйық жүйені құрайтын денелердің импульстерінің векторлық қосындысы уақыт өтуімен осы денелердің кез келген қозғалысында және өзара әрекеттесуінде өзгермейді.

Импульстің сақталу заңына міндетті түрде эксперименттік тәжірибе көрсетіліп, мысалдар келтіріліп, есептер шығарылуы тиіс. Мынандай, тәжірибелерді көрсетуге болады: рельспен қозғалатын арбашаның өзара әсерлесуі, екі шардың, өзара әсерлесуі, жеңіл арбаша үстіне қойылған бұрандалы, ойыншық және т.б.

Импульстің геометриялық қосындысы (векторлық) жайында түсіндіру үшін, есеп шығарғанда алдымен графиктік есептерден бастаған дұрыс. Мысалы мына түрдегі есепке тоқталайық. «Радиактивті ядро бөлінгенге дейін біршама жылдамдықпен қозғалып импульске ие болады. Бөлінген кездегі жарықшақтардың импульстерінің қосындысы бастапқы импульсқе тең екенін көрсетіндер».

Бұл есепті шығарғанда химиямен байланысын қарастырған дұрыс. Ыдыраған кездегі атом ядросының импулъсі және жарықшақтардың импулъсі берілген. Есептің шешуі графиктік түрде суретте көрсетілген.


Сонымен бірге дене релятивистік жылдамдықпен қозғалатын болса, тұйық жүйедегі релятивистік импульстің коеындысы, денелер арасындағы кез келген өзара әсерлесуде тұрақты болып қалады. Ал, импульс р жылдамдықпен мына түрде байланысады:


Классикалық механиканың қолдану шегін қарастырайық. Жарық жылдамдығынанәлдеқайда аз жылдамдықтарда(<<с) қатыпасы

, сондықтан да дененіңимпульсітеңболады.

Бұл тендік Ньютон механикасы үшін дұрыс.

Импульстің сақталу заңын оқып-үйрену негізгі мектеп курсында реактивті қозғалысқа қолданумен аяқталады. Ракетаның қозғалыс жылдамдығын анықтағанда импульстің сақталу заңы қолданылады. Ракета қабықшасының жылдамдығы:

vр.қаб=-m2 v2/mр.қаб

мүндағы mр.қаб ракета қабықшасының массасы; vр.қаб ракета қабықшасының жылдамдығы; m2 және v2 - жанған отынның массасы мен газдың ағу жылдамдығы.




  1. Механикалық энергия және оның сақталу заңы

Механикалық знергияның ең қарапайым түрі кинетикалық энергия. Ол барлық жағдайда (материялық нүкте үшін де) масса мен жылдамдықтың квадратының көбейтіндісімен анықталады. Потенциалдық энергия өзара әсерлесу күштеріне байланысты болғандықтан өрнегі өзгеріп отырады. Сондықтан да механикада энергия ұғымын кинетикалық энергиядан бастап қалыптастырған дұрыс.

Кинетикалық энергия. Жұмыстың анықтамасын және Ньютонның екінші заңын пайдаланып материялық нүктеге әсер ететін кез келген күштің жұмысы кинетикалық эпергияның өзгерісіне, яғни өрнегіндегі жылдамдықтың өзгерісіне тең екенін көрсету қиын емес. Кинетикалық энергия үшін күштің қай түрі болса да, ауырлық күші ме, серпімділік күші ме, үйкеліс күші ме бәрі бір. Егерде күш жұмысы оң болса (А > 0) кинетикалық энергия артады (), теріс болса (А < 0) кинетикалық энергия кемиді(). Жүйенің кинетикалық энергиясы, осы жүйеге кіретін денелердің кинетикалық энергияларының қосындысына тең болады.

Кинетикалық энергия жұмыс сияқты санақ жүйесіне байланысты болады.



Потенциалдық энергия. Механикада энергияның бұл түрін қарастырғанда оқушылар оның кем дегенде екі дененің өзара әсеріне байланысты өзгеретінін білулері қажет.

Біріншіден - мұғалім оқушыларда потенциалдық энергия ұғымын қалыптастырғанда потенциалдық энергия денелер жүйесіне байланысты екеңдігін ескеруі керек.

Екіншіден оқушылардың негізгі мектепте алған потенциалдық энергия үғымын кеңейтіп, тек қана Жер бетінен жоғары орналасқан денелердің ғана емес, серпімді деформацияланган денелердің де потенциадцық энергиясы болатынын көрсетіп, өрнегі беріледі.

Үшіншіден - денелер жүйесінің нөлдік деңгейін анықтау өз қалауымызша алынатынын ескерту қажет. Потенциалдық энергия осы нөлдік деңгейді таңдауымызға байланысты болады.

Потенциалдық энергияны анықтаудағы нөлдік деңгей үғымын енгізу әдістемесін қарастырайық. Мұнда мынандай маңызды кезеңдерді көрсетуге болады.

1. Потенциалдық энергияның өзін емес өзгерісін анықтайды. Мысалы: Жер бетіне жақын маңдағы ауырлық күші үшін:

мүвдағы һ1және һ2дененіңжерденбастапқыжәнесоңғыкүйлерініңбиіктігі.

Деформацияланғансеріппеніңпотенциалдықэнергиясыныңөзгерісі

Мұндағы — серпімділік коэффиценті, және серіппенің бастапқы және соңғы деформациясы.

Жұмыс энергияның өзін емес өзгерісін анықтайды, сондықтан да энергияның өзгерісінің ғана физикалық мағынасы бар. Осыдан барып жүйенің потенциаддық энергиясы нөлге тең деңгейі ерікті түрде таңдап алынады.




Практикалық жұмыс

10 мин.


Құрылымдық тапсырма.

Құрылымдық тапсырма.

  1. Суретте құздан өзенге құлап бара жатқан тас көрсетілген.

(а) Тасмассасы 75 кг. Еркінтүсуүдеуі 10 м/с2 .

Тастыңсалмағынесептеңіз:

Р= ....................

[1]

(b) Тасқұламайтұрып, өзенбетінен 15 м қашықтықтаболған. Тастыңөзенбетінетүсермезеттегікинетикалықэнергиясынесептеңіз.



Ек=.................... [3]

(с) Тассуғатүседі. Су ішіндетастыңкинетикалықэнергиясына не болатынынтүсіндіріңіз.

......................................................................................................................................... [3]

[Барлығы: 7]


Үлестірме парақшалар.

Сабақтың аяқталуы Рефлексия

2 мин


Түсіндім орташа түсінген жоқпын















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы



Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру



Жалпы баға

1. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

2.Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

3.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет