Мектеп оқушыларына сахна тілін үйрету



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі80.28 Kb.
1   2

1-Анкета толтыру.

Сұрақтар

Жауап

Себебі

Сахна тілі дегеніміз?









Тілдік ерекшеліктер не үшін маңызды?









Рөлдік ойындардың көмегі









Сахна тілі курсынан күтілетін нәтиже









Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:

Сөз өнері жайлы ғылым- 1 сағат

Сөз өнері жайлы түсінік беріледі. Сөз өнері жайлы ғылым. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, әдебиет тану — сөз өнерін зерттейтін ғылым екеніне тоқталу керек.



Оқушының аты-жөні:




Тақарыпты қорытындылау (түсінік, сөз өнері туралы ақпарат)






Актер және сөз өнері-1 сағат

Актердің басты мақсаты – тіл байлығының құнарын сезіну, ойналып жатқан образды тіл техникасы арқылы сомдау болып табылады. Болашақ актер үшін сахна тілі-тіл техникасының сан қырлы сыры мен қол жетпес құндылығы тілдің тұңғиық құпиясына қазық болып қалады. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл мәдениеті білімгерлердің тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетіне тән нормалар білімгерлердің таза, нақты, әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі айту дағдыларын қалыптастыруға тиіс. Тілмен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле қарауын талап ететіні айтылады.

Шығармашылық тапсырма: драмалық шығармаларды ұсыну, актердің сөз қолданысына назар аудару.

Көркем сөзбен жұмыс (тренинг, сайыс)-1 сағат

Оқушылардың сайыста шапшаң сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасауы қажет.



Тілдік дыбыстарға жаттығу жасау. Зерттеуші Рабиға Қаныбаева өз еңбегінде дикцияны, дауысты, тынысты сахнада қолданудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, бірнеше жаттығу түрлерін саралаған. Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысын айтып, орфоэпиялық норманың бұжылтпай орындалуын қадағалайды. Е фонемасы.

Тіл мен иектің шамалы алға жылжуынан пайда болады.Сөз басында бас буынның бірінші дыбысы боп келгенде е дыбысы айтылуында ие болып естілуі мүмкін.



Жазылуы Айтылуы

ел иел

ертең иертең

Бірінші буын ерін дауыстыларынан келгенде екінші буындағы е айтылуында ө-ге жуықталады.



Жазылуы Айтылуы

күрек күрөк

жүрек жүрөк.

Ы фонемасы.

Екі ерін бір-біріне жуықтап, тіл мен иектің жоғары көтерілісіне пайда болады

О фонемасы.

Ерін дөңгелектену арқылы жасалады. Сөздің сазын келтіріп айту әсіресе шаршы топ адына шыққандарға қойылады. Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен мен сөйлеу үстіндегі айтылуы әрдайым бірдей бола бермейді. Бұл келтірілген мысалдар арқылы әрбір тілдің өзіне тән дыбысталу ерекшелігін аңғарамыз. Ол ерекшелік сақталмайтын болса, сол тілдің табиғаты нұқсан келетіні даусыз. Дыбыстардың жіктелімін көрсетіп, атқаратын қызметіне орай жаттығу түрлерін негізге алады.Ерінді жаттықтыратын жаттығулар: - екі ерінді Ө әрпін айтқандай алға қарай ұмсындырыңыз, бұл жаттығуды жасағанда тіл және тіс өз қалпында болуы керек; -тісті көрсетпей, езу тартыңыз; -алдымен тек жоғары тісті көрсетіңіз, төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрыңыз. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көріңіз; - екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрыңыз да, сонан соң ерніңізді әуелі сәл жоғары, төмен қозғаңыз; - енді екі ерінді сүйірлеп алып, әуелі оң жаққа, сонан соң сол жаққа бұрып көріңіз.

Сахнада сөйлеу, жүру мәдениеті- 1 сағат

Сахнада жүру және сөйлеу мәдениеті адамның кәсібилігін талап етеді. Кәсіби актердің өмірінде де, неше түрлі күтпеген жайттар болуы мүмкін. Бірақ ол жағдайлар, ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға әсер етпеуі тиіс.

Сахнаға шыққан кезде, 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған қынжылу керексіз. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыроыйңызды бейнелеуі қажет. Шаршағандықтан, ауырғандықтан, үрейден өзіңізді басқаша ұстауға болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіздер!!!

Кәсіби актер ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, барысында, одан кейін, ұқыпты болып қала беру керек.

Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі.



Қағидаттар:

Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз

Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз

Электроаппаратураны тексеріңіз

Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі

Сахнадағы ахуал жолдауларыңызың жетуіне әсерін тигізеді

Платформадан  аудиторияға қарай түспеңіздер

Сахнада көрерменге артын беруге болмайды, теріс қарап сөйлеу рөлде бол са ғана орындалады, басқа кездерде үнемі тура қарап немесе бір жағынан тұрып сөйлеген дұрыс.

Сахна жасандылықты ұнатпайды, әр жүрісіңіз, сөйлеген сөзіңіз шынайы болу керек.

Шығармашылық тапсырма: Сахнада сөйлеу және жүру мәдениетіне байланысты рөлдерді көрсету.

Сахнадағы ойнаудың психологиямен байланысын ұғындыру-1 сағат

Сахнаға шығып, жұрт алдында сөйлегенде, тілдің ішкі мүмкіндіктерін жақсы біле отырып, ойды ойнақы да ойлы, әсерлі де көркем жеткізудің әдіс-тәсілдеріне көңіл аудару керек.

Сахна тілінде сөз әсерлігі екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтумен байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірімді мағынада жұмсаумен ұштасады. Сөздің келтірімді, ауыспалы мағынасы метафора, эпитет, метанимия, синендоха т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі.

Қазақ тілі қаншалықты бай, сөздік қоры мол, тілдік тәсілдерінің алуан түрлі болғанымен, тәжірибесі аз жас лекторлардың тілімен, баяндау мәнерінен болсын актерлерде өнер адамдарының өзінен кемшіліктер кездеспей қоймайды.

Атап айтсақ:

1.   Сөздің сыртқы әдемілігіне, әуезділігіне еліктеп, ішкі мағынасының ерекшелігі елеусіз қалады. Тақырыптың мазмұны, тыңдаушының құрамы, мамандық ерекшелігі ескерілмесе, ұранды сөзге ұрылады.

2.  Көп сөзділік, бір айтқанды қайталап, қазбалап айту.

3.  Ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін көп қолдану т.с.с.

Тыңдаушы, көрермен қауым әрбір актерден, не насихатшыдан нағыз шешендік талантты талап етепесе де, тіл заңдылығын сақтауды талап етеді.

Актер шеберлігінде тағы қойылатын бір талап – актердің мимикасы өзіне, жағдайға бағынуы керек.

· Мимика – адамның бет құбылыстарының өзгеруі ішкі жан дүниесінің қандай күйде екндігінің айғағы. Кейде сөзбен айтпайтын нәрсені көңілмен, қимыл-қозғалыспен беруге болады.

·  Фонация – мәнерлі сөйлеу мәдениеті, шешеннің, насихатшының, диктордың немесе актердің дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстың құбылуы – адамның сол өзі айтып тұрған мәселесіне қатысып, эмоциясын, сезімін білдіретіні сөзсіз.

Шығармашылық тапсырма: талапқа сай сахнада рөлдерді ойнау.

Пантомима-1 сағат

Пантомима – сөзсіз адам денесінің қимылымен, мимикамен көрсетілетін театр өнерінің бір жанры.



Тәжірибелік сабақ: Ымдау-пантомима тілі. Сахналық өнер түрлері. Дау-күрес-әрекет. Оқиғалар қатары әрекеттік факт ретінде. Оқиғалар қатары. Актердің психикалық өмірінің үш қозғаушысы. Буын,бұлшық еттерді жаттықтыру. Берілетін жағдайлар. Бағалау, жанастыру. Қиялдағы заттар, қиялдағы орта, қиялдағы серіктес. Бейімделу. Түпкі мұрат. Тапжылмай қалу, қабырға, конвейер, сүйеу. «Толқын» және «Тіке толқын» қимылдарын тарату. Қимылдарды тарату. Өзекті әрекет. Контрәрекет. Келешек.

Ымдау элементтерімен жұмыс. Оқиғалар қатарымен жұмыс. Буын, бұлшық еттерді жаттықтыру. Бағалау, жанастыру элементтерін игеру. «Толқын» және «Тіке толқын» қимылдарын тарату. Өзекті әрекет. Контрәрекетті анықтау.

Шығармашылық тапсырма: «пантамима» роликтер көру. Пантомима жасау.

25. «Мен актермін» практикалық сабақ-1 сағат

Бұл сабақта оқушылардың өздері дайындап келген рөлдерін актерлік шеберлікті қолдана отырып орындайды. Жанр түрлері өз таңдауы бойынша.

Бағалау критерийлерін топта өздері ұсынады, барлық өнер көрсетушелірді бағалайды.

26. Жүргізушілік шеберлік-1сағат.

Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Жүргізуші (ведущий, announcer, host). Бұған радио, телевизия, сахна өнері және түрлі мәдени іс-шараларын жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға болады.

Жүргізуші - өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, рухани әлеуеті мықты, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам тапқыр, кішіпейіл бола тұра өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға.



Жүргізушілік өнер жайында. Жүргізу өнерінің теориялық және тәжірибелік зерттеулерін кәсіби радио, телевизия, өнер, мәдениет аясында ғана емес, әрбір ұйым, мекеменің мәдени менеджменті, бизнес істері, адамдар арасындағы қатынас секілді көп қырлы коммуникациялармен тығыз сабақтастыруға болады. Айталық, бизнес саласына келсек, өнімдерін, тауарларын немесе көрсетілетін қызметінің түрлерін қаншалықты тиімді насихаттаса, соншалықты мол табыс таппақ. Жалпы белгілі бір топты, тұтынушы қауымды нақты мерзімде бірлескен іс қимылға жұмылдырудың өзі жүргізушінің (ұйымдастырушы) қызметімен байланысты болмақ.

Шығармашылық тапсырма: жүргізушілердің шеберліктері туралы видео жазбаларды көру.

Жүргізушілік қабілеттерін тексеру-1 сағат.

Оқушыларға дайын бағдарламалардың үлгілерін беріп, сол бойынша жүргізуші болуға тапсырма беру керек. Оқушылардың жүргізушілік қырын анықтауға барлық қатысушылар дауыс беру арқылы өз үлестерін қосады.


Мәдени шаралар, оны жүргізу әдістері -1 сағат

Әдебиет пәні бойынша шағын көріністер қою, қыл қалам шеберлерімен кездесулер өткізу, қызықты кітаптар оқу, оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру сабақтары барысында алған эстетикалық білімдері мен түсініктерін оқушыларды одан әрі шыңдауға, қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін одан әрі дамуына оң ықпалын тигізеді. Мектепте жүргізілетін тақырыптық кештер, концерттік бағдарламалары, байқаулары, таңертеңгіліктер, кештерді ұйымдастыру сынды мәдени шаралар жүргізуге тоқталуға болады.

Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, дайындау, оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамассыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау қойылатын негізгі талаптар:

Мәдени шара оқушылардың қызығушылығын арттыратындай болуы қажет;

Тақырыпқа сай безендіру жұмыстары тартымды болу керек;

Таңдап алынған ән, би, көркем сөз т.б. тақырыпты ашатындай болғаны дұрыс.



Шығармашылық тапсырма: Мәдени шаралардың видеосын тамашалау және талдау. Жүргізу тәсілдеріне тоқталу.

Іс-шаралар жүргізу және ұйымдастыру-1 сағат.

Мәдени шараны жүргізу мен ұйымдастыру алгоритмі.

Іс-шараның сценарийлік жоспарын, ұжымдық мереке жоспарын құрастыру.

Іс-шараны өткізу орнын таңдау.

Мерекені безендіру, декорациялар дайындау.

Кәсіби жүргізушілер.

Мәдени шараны музыкалық сүйемелдеу: Әйгілі классикалық  музыка, опералық партиялар, романстар, халықтық әндер, джаз, рок, шансон, бард әндері,  рэп, попса, латино және т.б. қосуға болады.

Кез келген жарықтық техниканы ойластыру.

Мәдени шараға сай костюмдер әзірлеу.

Мәдени шараға сай әрлеу жән сәндену.

Сұхбатты фототүсірілім, музыкалық клиптер мен роликтер, презентациялар қоссуға болады.

Шығармашылық тапсырма: оқушыларға мектептегі кез-келген мәдени шараның ұйымдастыру алгоритмін құру.

Іс-шараға сай бағдарлама құру тәсілі-1 сағат.

Мәдени шараның бағдарламасын жазу-ең күрделі де жауапты мәселе. Сценарийді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс. Бағдарламаны көрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады.

Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.



1.- Жобаның атауы (шамамен);

- Мән-мазмұнын нақты баяндау;

- Мақсатты аудиториясы;

- Хронометражы (ұзақтығы);

Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.

экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) – шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. Сондықтан тақырыпқа сай поэзия, прозалық шығармалардың үзіндісі, қызықты диалогтар, көркем сөздерді қолдану, шебер үйлестіру ең маңыздысы болмақ.

Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.

Шығармашылық тапсырма: «Алтын күз», «Мектеп аруы», «Соңғы қоңырау» мерекесінің бағдарламасын жазу.



«Іс-шаралар өткізу» практикалық сабақ-1сағат

Жоба: оқушылар алдын-ала өздері таңдаған мәдени шараның бағдарламасын әзірлейді. Бағдарлама бойынша шағын топтарда түсірілім жасайды.Рөлдерін өздері бөліседі.

сабақ. Видео жазбаларды сабақта көруге ұсынады.

Әр топтың жұмысы бағалау критериилері:

мәдени шараны ұйымдастыруы;

тақырыпты ашуы;

бағдарламаның жазылу тілі;

жүргізушілердің жүргізу шеберлігі;



«Шығармашылық шеберлік» сынақ сабақ-2 сағат

Саханалық қойылым дайындау. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы-Баян», «Бесеудің хаты» т.б. шығармалардан саханалық қойылымдар дайындауға болады.



Өтілетін орны: мектеп сахнасы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Тұранқұлова Д. Жоғары оқу орындары театр өнері факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: “Білім” , 1998. -208 б.

  2. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. Оқулық. – Алматы: “Білім” . 2011. -264 б.

  3. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. “Сөздік-Словарь”, 2005. -440 б.

  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна Ltd.ЖШС,2010. -656 б.

  5. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. – Алматы, “Білім”, 2001. -384 б.

  6. Сыздықова Р. Сөз сазы (Сөзді дұрыс айтудың нормалары). Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат,1995. -120 б.

  7. Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. – Алматы, 2001. -194 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет