Мектеп оқушыларының даму физиологиясы


Тәуліктік рационды құрастыру



бет6/6
Дата16.01.2022
өлшемі35,63 Kb.
#112486
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектеп оқушыларының даму физиологиясы

Тәуліктік рационды құрастыру

Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мерзімділігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді болатын сияқты: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түнгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар там ақты түнгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.

Сондай-ақ тамақты бірқалыпты қорыту үшін тамақтық температуралық режимінің маңызы зор. Ыстық тамақтық температура 50— 60 С аспауы тиіс, ал суық тамақтық температурасы, әдетте, 10оС төмен болмауы керек.

Тамақтану – ағзаның қуат шығынының орнын


толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және
қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін
заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері.

Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті


сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі,
дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:


1) Тамақ құрамында негізгі оректік
заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың
болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық
күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің
мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық
нормаға сай болуы

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы,


олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің
дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру
қабілетін аттырады.

Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас организмге тек


өмірлік процесстерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге
бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:

Таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;

Түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;

Кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;

Аралық тамақтану: таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас

(ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын; түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.

Ең әуелі жеміс пен көкөністі айтар едік. Ағзада еркін радикалдардың жиналуы адамды ерте қартайтады, қарапайым тілмен айтсақ, тірі клеткаға кішігірім бомба сияқты әсер етеді. Еркін радикалдардың шабуылына антиоксиданттар, яғни жеміс пен көкөністе көп


кездесетін витаминдер тойтарыс бере алады. Олардың ішінде біз үшін ең қолжетімді жеміс – алма. Алма адам ағзасындағы бірден-бір қуат көзі – темірмен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, ағзада жеңіл қорытылатын темір көп мөлшерде ет пен балықта, аз көлемде сүт, жұмыртқада бар.

Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.Кейде ұйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.

Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі ауырлық түскенде, жорық күндері ,жазда сұйық-сусынның қажеттілігі артады , өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді. Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды шектелген көлемде қабылдау керек.

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа


бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді:

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек.

Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл —


күйіне баса назар аударғаны жөн.

Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті


бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет