1-топ: «Пазл құрастыру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береотырып, сурет құрастырады:
«Ашина» терминінің мағынасы? (мейірімді, аспаннан жаратылған)
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына дипломатиялық жолмен қол жеткізген мемлекет? (Қытай)
Түріктермен тұрақты сауда және дипломатиялық қатынаста болған ел? (Византия)
Түркілер қандай өңірлерді жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын ҰЖЖ тармағына ие болды? (Орта Азияны)
Түркілер ҮІ ғ Қытайдан күшті болуының себептерін ата. (саяси бірлік, озық қару-жарақ, көшпелі ұйым, ұтқырлық)
Түрік қағанаты қандай аймақтарды алып жатты? (Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға дейінгі жерлер)
Қытай билігі күшейген уақыт? (VІ ғ соңы-VІІ ғ басы)
Түрік қағанаты қандай елдермен байланыс жасап отырды? (Қытай, Византия, Иран)
Түріктер VІ ғ с80 жылдары қандай елдермен одақтаса отырып, эфталиттер мемлекетін талқандады? (Парсы)
Эфталит мемлекеті деп қандай өңірді атаймыз? (Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия)
2-топ: «Ер намысы-ел намысы» тақырыбына 50 сөзден тұратын эссе жазады.
3 - топ: «2-2-2» : әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының ішкі саясатына 2 дәйек, көрші елдермен дипломатиялық және сауда қарым-қатынасына 2 дәйек, тәуелсіздік жолындағы күреске 2 дәйек.
4 – топ:«Сәйкестендір»