Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу,оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру; Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.