Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Он жетінші қара сөзі»
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін;
ә) Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
б) Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ типі: жаңа білім беру
Сабақтың өту әдіс-тәсілі: түсіндіру әдісі, рөлге бөліп оқу, талдау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, слайд-шоу
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
1.Абай қай жылы, қай айда дүниеге келді?
А) 1840ж. 22қыркүйекте; ә) 1845 ж.10 тамызда; б) 1846ж. 10 қазанда.
2.Абайдың руы кім?
А) Арғын; ә) Керей; б) Тобықты;
3. Абай оқыған медресе:
А)Ахмет-Риза медресесі;
ә) «Ғалия» медресесі;
б) Медресе Рахманқұли;
4.Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10 жаста; ә) 11 жаста; б) 13 жаста;
5. Ахмет Байтұрсынұлы Абайды қалай бағалады?
А) Ұлы ақын; ә) Қазақтың бас ақыны; б! Қазақ поэзиясының алыбы;
6. Абайдың немере ақын інісі кім?
А) Шәкәрім; ә) Мағауия; б) Мағжан;
А) Ақылбай; ә) Мағауия; Әкімбай;
Психологиялық тренинг.
Абайдың өлеңдерін мәнерлеп,жатқа айтады.
Жаңа сабақ.
Өткен сабақта біз қай ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстық?
Абай – ұлы ақын, аудармашы, сазгер, мысалшы, ағартушы, философ дейсіздер кім дәлелдейді?
Абай: - аудармашы, мысалшы, сазгер, ақын
- Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабақтың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, “Он жетінші қарасөзді” меңгеру.
(Дәптерге күннің жады мен тақырып жаздыру).
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
Абайдың өмірінен слайд көрсетіледі.
(Қарасөз дегеніміз
ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді . Орыс , қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған Абайдың он жетінші қара сөзін тыңдайды).
Мәтінде қандай түсініксіз сөз кездеседі?
Ғақлия, ғибадат.
Жаңа тақырыптағы қайрат, ақыл, ғылым, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді?
Әуелде бір суық мұз - ақыл, зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарыместі “жақсы” деме
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз.
Дәлелдеу.
Қайсысының айтқаны дұрыс?
1. Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек – үшеуін ғана таңдап алған? Неге ғылымға төресін айтқызған?
2. Сендердің өз бойларыңда осындай сипаттар бар ма?
Сергіту минуты «Сен Абайды білесің бе?» Бейнефильмі көрсетіледі.
Бекіту.
«Мен кіммін» деген тақырыпта шағын эссе жазу.
Бес жолды өлең:
зат есім: қарасөз
сын есім: асыл,дана
етістік: тәрбиелейді, үйретеді, насихаттайды
сөйлем: Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы
синоним: өсиет
Бағалау.
ББҮ - стратегиясы
Білем
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Үйге тапсырма 1.Абайдың өмірін, шығармашылығын білу.
“Он жетінші қарасөздің” мазмұнын білу.
Рөлге бөліп жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |