Мектеп:№77 жалпы орта мектеп Күні:20.03.2024ж Мұғалім: Давлетбаева А.К Тақырыбы: Атлант мұхиты Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға мұхиттар, олардың орналасқан орны, теңіздері, климаты, тіршілік дүниесі жайлы түсінік беру. Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру. Жаңа сабақ: Солтүстік Мұзды мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн км2, суының көлемі – 18 млн км3. Орташа тереңдігі 1220м, ең терең жері – 5527м. СММ-ң орта тұсында солт.полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт.Америка құрлықтарының солтүстік бөлігін шайып жатыр. СММ-ң теңіздері: Баренц
Кара
Лаптевтер
Шығыс Сібір
Норвег теңізі (осы теңіздерге мәлімет жинау)
Шығанақтары: Печора
Варангер-фьорд
Хатанга
Оленек
Буор-Хая
Атлант мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі 2-орынды алады. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Мұхит – шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктерге қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тартылады. Мұхиттың теңіздермен қос есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі – 329,7 млн км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімденген. Теңіздері: Балтық
Солтүстік
Жерорта
Кариб
Уэддел
Шығанақтары: Бискай
Гвинея
Фанди
Ең терең жері – 8742м, Пуэрто-Рико. Климаты. Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Жазда (солт.жарты шарда тамыз, оңт.жарты шарда ақпан айында) экватор маңында ауа температурасы 26-280С. 600 с.е. – 8-120С, ал 600С о.е. – 0-120С. Қыста (СЖШ ақпан, ОЖШ тамыз) экватор маңында 250С, 600 с.е. – 8-120С, ал 600С о.е. – 8-100С-қа дейін өзгеріп отырады. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды. Тіршілігі. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттердің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүтқоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және камбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.
Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға картамен жұмыс істеу тапсырылады. Картадан мұхиттардың теңіздерін, шығанақтарын, бұғаздарын, аралдарын тауып, кескін картаға түсіреді.