Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Дата02.04.2020
өлшемі19,4 Kb.
#61384
Байланысты:
тех карта.docx

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным .

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: 1-5сандары Мақсаты: Балалаларды 4 санымен және цифрымен,көрнекі түрде 4 санын шығарып алу жолдарымен таныстыру;1,2,3,4 цифрларынзаттардың санымен сәйкестендіру,4-ке дейін санауды,сандарды ретімен атауды,реттік сандарды,заттарды ретімен көрсете отырып,дұрыс сәйкестендіруді үйрету;

Математикаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу;

Құрастырушылық дағдыларын,зейіндерін,есте сақтау,елестету,дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал- жабдықтар , көрнекіліктер 0 -ден 4-ке дейінгі цифрлар,төрт үйшік, санауға арналған материалдар.Үлестірме материал:мектепке дейінгі ересек жастағы (5жастан бастап 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» оқу әдістемелік кешенінің «Математика»жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс 4 саны мен цифры.

Билигвалды компонент төрт-четыре, құрамы-состав,санның құрамы –состав числа, санау-считать.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы.

(кіріспе бөлім)

Ұйымдастыру кезеңі.

«Татуласу» психологиялық дайындығы:

Оң жақтағы досыңа,

Қарадағы күлімде.

Сол жақтағы досыңа,

Қол бер, қалмай бірің де.

Оң жақтағы досың да,

Сол жақтағы досың да,

Ренжіп саған қалмасын,

Достығынан танбасын.

Шеңберге тұрып,өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Іздену-ұйымдастырушылық.

(негізгі бөлім)

-Балалар, осыған дейін қандай цифрлармен танысқанымызды есімізге түсірейік.

- бүгін біз цифрлармен таныстыруды жалғастырамыз. Айтыңдаршы, мынау не (үйшіктер).

-Келіңдер,олардың қанша екенін санайық.

-Төрт санын белгілеуге бізге «төрт»цифры көмектеседі.

-Мынау-4 цифры (4 цифрының үлгісін көрсетеді)

- Балалар, 4 цифры неге ұқсайды?

Орындықты төңкерсең,

4 деген сан болады.

Қатарында сандардың,

3- тен кейін тұрады.

4 санын қалай шығарып алуға болатынын көрнекі түрде көрсетеді.

«Бәріміз санай аламыз» сергіту сәті

Мұнда бері қараңыз,

Біз де санай аламыз:

«1,2,3» дегенде,

Түзу тұра қаламыз.

«4,5,6» дегенде,

Алға қадам басамыз.

Жұмыс дәптерінің 12 бетіндегі тапсырмаларды орындатады.

«Көңілді тапсырмалар» ойыны

Санап берші, тоқташы,

Бұл – қоңыздың отбасы:

Ұлы, қызы мен әкесі,

Мейірімді шешесі-

Қанша болды,ойланып,

Кім есепті шешеді?

(1+1+1+1= 4)

Бір күні бір қоянға,

Досы келді қонаққа.

Дастарқанын жыймады,

Сәбізінен сыйлады.

Өзі жеді екеуін,

Досы жеді екеуін.

Санап көрші енді сен,

Қанша сәбіз желінген?

(3+1= 4)

Шанада отыр үш бала,

Жай қарап тұр бір бала.

Айта қойшы,ойнап жүр,

Қанша бала далада.

Тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын айтады.

Мұқият тыңдап, естеріне сақтайды

Қимылдар жасайды:

Бір орында жүреді;

Қолдарын соғады;

Бір орында секіреді;

Терең тыныс алады.

Қарапайым есептерді шығарады.

Рефлексивті-қортындылау.

(Қорытынды)

-Сендерге бүгін сабағымыз ұнады ма?

-Бүгін қандай цифриан таныстық?

-Мына цифр санның қанша екенін білдіреді?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек 4 саны мен цифрын. Нені игерді 4 саны туралы түсінікті, көрнекі түрде 4 санын шығарып алу жолдарын;

Заттың санының оның түсіне,көлеміне,кеңістікте орналасуына тәуелді



Еместігін. Нені біледі қарапайым есептерді шығара алуды; заттың санын цифрымен

Сәйкестендіруді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет