Мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы № Тақырыбы



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#80918
  1   2   3   4   5
Байланысты:
00062128-028c624d


Мектепішілік ата-аналар жиналысының
хаттамасы №____
Тақырыбы: «Ата-аналарға балаларды ҰБТ-ға даярлаудың психологиялық негіздерін оқыту»
Мақсаты: ата-аналарға балаларды ҰБТ-ға даярлаудың психологиялық негіздерімен таныстыра отырып, ата-аналар мен балалардың ҰБТ жөнінде түсініктерін кеңейту.
Қатысқандар: 11 «А», 11 «Ә» сынып ата-аналары, сынып жетекшілері: М.Даулет, С.А.Абишева, мектеп инспекторы, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Өткізілген күні: 29.09.2015 ж.
Алынған нәтиже: Ата-аналарға оқушыларды дайындаудың психологиялық ерекшеліктері мен моральдық қолдаудың түрлері жөнінде кеңес берілді.
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ-дің басты идеясы – мектеп бітіру мен ЖОО түсу емтихандарын біріктіру, осылайша, жасөспірімді екі рет: алдымен – мектептегі бітіру емтихандарын тапсыру кезіндегі, ал содан кейін, ЖОО түсу емтихандарын тапсыру кезіндегі уайымдарын арылту болатын.
Мұндай жағдайда жасөспірімге көмек, ең алдымен ата-анасының көмегі қажет екендігі түсінікті. Біз әр ата-ана ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек екендігін түсінгенін қалаймыз. Өйткені алда – әлі ұзақ өмір жатыр және де жасөспірім оған өзінің күшіне деген сеніммен, ата-анасы өзін түсінеді және қолдайды, тіпті егер бірден барлығы ойлағандай болмаса да, болашақта алға қойған мақсатына жету мүмкіндігі бар екендігі сезімімен қадам жасауы тиіс.
Түлектердің ата-аналарының естен шығармайтын ең үлкен қағидасы: ҰБТ-ге дайындық отбасын ажыратпай, керісінше, оның ауызбірлігін күшейтуі керек! Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, құрмет пен сыйластық, сүйіспеншілік әлеуеті артуы керек!
Осы орайда мектебіміздің психологиялық қызметі ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Мақсаты: Оқушылардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып ҰБТ-ға дайындау.
Міндеттері: 1. ҰБТ-ға дайындық үшін барлық жағдайларды жасау.
2. Мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру.
3. Оқушының ҰБТ-ға дайындалуында кездесетін қиындықтарды анықтау.
4. Оқушыға психологиялық көмек көрсету.
ҰБТ-ға дайындық кезіндегі оқушыға көрсетілетін психологиялық көмек түрлері:

  • ҰБТ тапсырудағы оқушының қызығушылығын анықтау (кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары);

  • ҰБТ-ға дайындық, оқу материалдарын тест алдында қайталау;

  • Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Релаксация жұмыстарын жүргізу;

  • ҰБТ алдындағы үрейленуді болдырмау;

  • Тест алдындағы мінез-құлқын бақылау, көмек беру.

  • Тест барысында пайда болатын мінез-құлық ерекшеліктері.

Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандық тарын қалайды. Қысқаша әрі мазмұнды түрдегі кеңестерді қалайтын ата-аналар үшін, қарапайым, есте қаларлық формула немесе үш «Қ» заңы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет