СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы істегеніне назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды.
Ата-аналар өз балаларының-орта мектеп түлектерінің ҰБТ дайындалу мен тапсыру кезеңінде қалай қолдауы тиіс екендігі мәселесінің талқылуына қайта оралайық.
АТА-АНАЛАР ҚОЛДАУЫНЫҢ БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Бір кездері америкалық «Кип смайлинг» (аудармасы «күлкіні ұстаңыздар!») ұраны кекесін туғызған еді. Бірақ қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!
ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.
Ата-ана қолдауының ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.
Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!
Ата-ана қолдауының ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!».
Педагог-психолог: Нурманбетова Г.Ж.
ТІЛЕК СӨЗДЕР АЙТЫЛҒАН БЕЙНЕРОЛИК ҚОСЫЛАДЫ.
БЕЙНЕРОЛИКТЕН СОҢ ПСИХОЛОГ СӨЙЛЕЙДІ:
Мен көмекшілерімнен Отбасылық Тәрбиелеу Институты әзірлеген АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМАЛАРДЫ таратып беруін сұраймын.
Сөзімді түйіндей отырып, жиналғандардың барлығына АЛҒЫС білдіргім келеді! ЖАДЫНАМАЛАР мен бүгін осы жерден алған ақпараттар, Сіздерге және Балаларыңызға көмегін тигізетіндігіне сенемін!
Осымен жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |