Бірінші «Қ»: Жағдайды құрметтеңіздер. Бұл құрметтеу қалай байқалуы тиіс? Орта мектепті тәмамдау кезіндегі аттестациялық сынақ ретіндегі ҰБТ-тің барлық оң және теріс жақтарын қабылдау керек. Пайдасыз теріске шығарудың, өнімсіз ашуланудың және басқа да теріс эмоциялардың орнына, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен жұмсауға тырысыңыздар!
ҰБТ сұрақтарында мектеп бағдарламасында жоқ, ешқандай сұрақтардың болмайтындығын әрбір ата-ананың естен шығармағандығы өте пайдалы! Яғни, бұл дегеніміз тестке жыл бойы дайындалып, жақсы бағалар алған кез-келген оқушы оны орындай алады деген сөз.