Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығЫ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
Дата04.12.2019
өлшемі301,53 Kb.
#53012
Байланысты:
даярлык топ
даярлык топ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНА  

5-6 (7) БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2016 

 

 

 

ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің 



        «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар:  

С.Н. Жиенбаева, п.ғ.д. 

А.С. Ережепбаева, балабақша меңгерушісі 

С.Д. Дүйсенбенова, балабақша әдіскері 

 

 

 

Мектепалды  даярлық  топтары  мен  сыныптарына  5-6  (7)  балаларды 

қабылдау бойынша ұсынымдар – Астана: 2016 – 22 бет. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  ұсыным  5-6(7)  жастағы  балаларды  мектепалды  даярлық  топтарына 

қабылдауда  мектепке  дейінгі  ұйымдардың    педагогтары  мен  ата-аналар 

қауымдастығына әдістемелік көмек ретінде әзірленді.   

Әдістемелік  ұсыным    «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  республикалық 

орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде (№6 хаттама 05 қыркүйек 2016 ж) 

қаралып ұсынылған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Мектепке дейінгі балалық шақ»  

республикалық орталығы, 2016 


 

 



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

 

Қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  саласында,  соның 

ішінде  мектепалды  даярлыққа  баса  назар  аударылып,  отандық  және 

халықаралық  озат  тәжірибе  негізінде  тиімді  жаңа  тәсілдерді  әзірлеу  мен 

енгізудің қажеттілігі пайда болды. 

Әлемдік  тәжірибе  балаларды  алты  жастан  бастап  оқыту  олардың 

интеллектуалдық  және  физикалық  дамуы  үшін  кең  мүмкіндіктер  беретінін 

растады. 

Балаларды  5-6(7)  жастан  мектепалды  даярлық  сыныптарына  (топтарына) 

қабылдаудың әдістемелік ұсынымдары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 

жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

үлгілік оқу бағадрламасының негізінде әзірленді.  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жаңғыртудың  тұжырымдамалық 

негіздері  Қазақстанның  2050  жылға  дейін  даму  Стратегиясында,  Қазақстан 

Республикасыда  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  сапасын  арттыру  және  бастауыш 

мектеп  арасындағы  сабақтастық  ұстанымын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты  жаңартылды  және  аталған  Стандарт  негізінде  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  әзірленген.  Осы  аталған 

Бағдарлама  негізінде  Мектепалды  даярлық  топтары  мен  сыныптарына  5-6(7) 

балаларды қабылдау бойынша ұсынымдар әзірленді.  

Ұсынымның  мақсаты:  5-6(7)  жастағы  балаларды  мектепалды  даярлық 

сыныптарына (топтарына) қабылдау бойынша ұсынымдар әзірлеу. 



Міндеттері:  

 баланың жеке басын дамыту жағдайларын анықтау; 

 мектепте оқытуға дайындықтың жолдарын қалыптастыру; 

 мектепке  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  ата-

аналардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 



 баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау. 

Күтілетін  нәтижелер:  5-6(7)  жастағы  балаларды  мектепке  дейінгі 

сыныптарға (топтарға) қабылдау рәсімдерін жетілдіру. 

Бұл  ұсыным  5-6(7)  жастағы  балалары  бар  ата-аналардың  балаларды 

мектепке  дайындауына  және  меншік  нысанына,  түрі  мен  типіне  қарамастан, 

мектепке  дейінгі  және  жалпы  білім  беретін  мектептердің  басшыларына 

мектепалды даярлыққа талапқа сәйкес балаларды қабылдауға мүмкіндік береді.  

 

 

 



 

 

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ  



МЕН МІНДЕТТЕРІ 

 

Бес-алты  (жеті)  жастағы  балаларға  мектепалды  даярлық  Қазақстан 



Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес:  

-отбасында;   

-мектепке  дейінгі  ұйымдарда,  жалпы  білім  беретін  мектептердің, 

лицейлердің  және  гимназиялардың  мектепалды  сыныптарында  жүзеге 

асырылады.  

Мектепалды даярлаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

-сапалы білім беруді  қамтамасыз ету; 

-балалардың 

физикалық, 

интеллектуалдық, 

психологиялық 

жеке 


дайындығы үшін жағдай жасау; 

-мектепке  баланы  дайындау  процесіне  ата-аналарды  тарту,  оларға  кеңес 

беріп, әдістемелік көмек көрсету. 

Білім  беру  мемлекеттік  ұйымдарында  мектепалды  даярлық  тегін  және 

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік 

бюджеттен қаржыландырылады.  

Мектепалды  даярлық  сыныптарын  ұйымдастыру  мектепке  дейінгі  және 

бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді. 



Мақсаты  балаларды  мектепалды  даярлық  сыныптарында  (топтарында), 

ересек  жастағы  баланың  құқығын  жүзеге  асырып,  сапалы  мектепалды  білім 

беру. 

Міндеттері: 

 балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту

 мектепте оқуға дайындығының негіздерін қалыптастыру; 

 сөйлеу  тілі,  ана  тілін,  қарым-қатынас  мәдениетін  дамытып,  сауат  ашуға  

даярлау; 



 баланың зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету; 

 Отанға,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін,  мемлекет  рәміздеріне 

құрметпен  қарауға,  қоршаған  әлемге  ізгілікпен  қарауға,  өзге  ұлт  өкілдерін 

сыйлауға тәрбиелеу. 

Мектепалды  даярлық  топтары  (сыныптары)  бар  білім  беру  ұйымдары 

мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  әлеуметтік  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғайды. 

Мектепалды даярлық сыныбын ашу үшін: 

 ата-аналардың (заңды өкілдерінің) өтініші қабылданады; 

 оқушылар тізімі жасалады; 

 күн тәртібі және сабақ кестесі құрылады. 

Білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  балаларды  мектепалды  даярлық 

сыныбына  (топтарына)  қабылдау  кезінде  ата-аналарды  білім  беру  ұйымының 

жарғысымен таныстырады. 

Балалар  дамуында  бұзылулары  бар  (мүмкіндігі  шектеулі)  мектепалды 

даярлық  сыныбы  үшін  түзету  және  оңалту  жағдайлары  болған  кезде, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия негізінде қабылданады. 


 

Балаларды  мектепалды  даярлық  сыныбының  саны  мен  толымдылығы  



әкімшілікпен анықталады. 

Сыныпты (топты) жинақтау кезінде балаларды конкурстық іріктеуге және 

тестілеуге жол берілмейді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚҚА БАРАТЫН 5-6(7) ЖАСТАҒЫ 



БАЛАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ 

 

Мектепалды даярлық сыныбында (тобында) білім беру үдерісінің мазмұны 



1  оқу  жылына  есептеліп,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  негізгі  даму 

бағытын  іске  асырып,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  

13  мамырда  №  292  қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  (бұдан  әрі  –  Стандарт) 

сәйкес жүзеге асырылады.    

Стандартта  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дайындық  деңгейіне, 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мазмұнына  қойылатын  талаптар 

айқындалған. 

Балалардың мектепке оқуға дайындығының негізгі бағыттары: 

1)тілдік-сөйлеуді қолдана білу, тілдік-сөйлеу құралдарын ойын қызметінде 

сыртқы бақылаусыз қолдана білу; 

2)әлеуметтік 

қарым-қатынас  дағдыларын  дамыту,  біліктері  мен 

дағдыларын  қалыптастыру  үшін  қажетті  қарым-қатынас  жүйесінде  «ересек-

бала», «бала-бала» қолдану; 

3)мектептегі  оқу  процесіне  қалыптастыру  және  дамыту,  іс-әрекетте 

мотивация,  бақылау,  жоспарлау  және  дербестік  секілді  компоненттерді 

жандандыру. 

Мектепалды  даярлық  5-6(7)  жастағы  балалардың  дайындық  деңгейінің 

мазмұны: 



Тұлғалық дайындық 

5 жас  

-  ересектермен және құрадастарымен еркін қарым-қатынас жасай алады; 

-  өзінің әрекеттерін бағалауға тырысады;  

-  ересектің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды. 



6 жас 

Баланың психологиялық қабілеттері  

-  қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады

-  өз әрекеттерін бағалауға тырысады; 

-  10 дейін тура және кері санайды;  

-  ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды; 

-  +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді; 

-  істі соңына жеткізуге тырысады. 

7 жас 

Баланың психологиялық қабілеттері  

-  қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады; 

-  өз әрекеттерін бағалауға тырысады; 

-  10 дейін тура және кері санайды;  

-  ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды; 

-  +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді; 

-  істі соңына жеткізуге тырысады. 

 


 

Интеллектуалды дайындық 



5 жас 

Саралап қабылдауы 

- ұқсас заттарды шатастырмайды (шаршы, тікбұрыш және басқа); 



Еркін зейіні мен еске сақтауы 

- 3-4 секунд ішінде заттарды еске сақтайды және оларды атайды

- тақпақтарды, жаңылтпаштарды біледі, ертегі құрастырады

- цифрлардың ретін біледі. 



Логикалық ойлауы 

- ұқсас екі суреттің айырмашылықтарын табады. 



Талдау жасауы 

- заттардың  негізі  белгілерін  және  олардың  арасындағы  қарапайым 

байланыстарды біледі.  

Шығармашылықпен қиялдауы 

- сурет салу, мүсіндеу, жапсыру техникасын меңгерген; 

- таныс  әндерді айтады, әуендер шығарады. 

6 жас 

Саралап қабылдауы 

- ұқсас заттарды шатастырмайды (шаршы, тікбұрыш және басқа); 



Еркін зейіні мен еске сақтауы 

- 3-4 секунд ішінде заттарды есте сақтайды және оларды атайды; 

- тақпақтарды, жаңылтпаштарды біледі, ертегі құрастырады; 

- цифрлардың ретін біледі; 



Логикалық ойлауы 

- ұқсас екі суреттің айырмашылықтарын табады. 



Талдау жасауы 

- заттардың  негізі  белгілерін  және  олардың  арасындағы  қарапайым 

байланыстарды біледі.  

Шығармашылықпен қиялдауы 

- сурет салу, мүсіндеу, жапсыру техникасын меңгерген; 

- таныс  әндерді айтады, әуендер шығарады. 

7 жас 

Саралап қабылдауы 

- ұқсас  заттарды  ажыратады  (шаршы,  тікбұрыш,  6  және  9  цифрлары  және 

т.б.). 

Еркін зейіні мен еске сақтауы  

- 15-20-минут ішінде орындалатын жұмысқа зейінін шоғырландыра біледі;  

- тақпақтарды, жаңылтпаштарды жаттайды, ертегі, әңгіме құрастырады; 

- 20 көлемінде қосу мен алуды орындай алады. 



Логикалық ойлауы 

- бірнеше  заттардан  бірдей  заттарды  ажырата  алады  және  заттардың 

айырықша белгілерін табады. 

Талдау жасауы 

- заттар  мен  құбылыстардың  негізі  белгілерін  және  олардың  арасындағы 

қарапайым байланыстарды ажырата біледі, үлгі жасауға қабілетті. 


 

Шығармашылықпен қиялдауы 

- сурет салу, мүсіндеу, жапсырудың әртүрлі техникасын меңгерген; 

- естуі  бойынша  ән  айтады,  өз  дауысымен  және    музыкалық  аспаптармен 

әуендер шығарады. 

Физиологиялық дайындық 

5 жас 

- негізгі қимылдарды игерген; 

- қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қызығушылық танытады; 

- мәдени-гигиеналық шараларды орындайды; 

- салауатты өмір салты туралы қарапайым түсініктері бар; 

- таңғы жаттығудың пайдасы туралы біледі. 



6 жас 

Кеңістікті ұйымдастыру, қимылды үйлестіруі 

- үйдегі, 

көшедегі,  қоғамдық  орындағы  қауіпсіздіктің  қарапайым 

ережелерін біледі. 



Қолдың ұсақ моторикасының дамуы 

- жіпке моншақты, түймені өткізуді үйренеді; 

- дәптердегі торға өрнектер салады;  

- жармаларды сұрыптай біледі (бұршақ, фасоль). 



Кеңістікті бағдарлауы  

- қарапайым өрнектер салу біледі.  



Қауіпсіз мінез-құлық негіздері 

- жедел  жәрдем,  өрт  және  полиция  қызметтерінің  телефон  номерлерін 

атайды;  

- «жаяу жүргіншілер өткелінің», бағдаршам белгілерін түсінеді; 

- пайдалы тағам өнімдерін біледі. 

7 жас 

Кеңістікті ұйымдастыру, қимылды үйлестіруі 

- үйдегі, 

көшедегі,  қоғамдық  орындағы  қауіпсіздіктің  қарапайым 

ережелерін біледі. 



Қолдың ұсақ моторикасының дамуы 

- жіпке моншақты, түймені өткізуді біледі; 

- қарындашты, қайшыны сенімді түрде игерген, жұмыс дәптеріне, альбомға 

сызады, сурет салады;  

- жармаларды сұрыптай біледі (бұршақты, күрішті, қарақұмықты). 

Кеңістікті бағдарлауы  

-  қарапайым  графиктік  бейнелерді  -  өрнекті,  пішінді  дәптерге  дұрыс 

көшіре біледі. 

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері 

-  өзінде  және  басқаларда  алғашқы  науқас  белгілері  байқалған  кезде 

ересектерден көмек сұрайды, шұғыл көмек қызметін шақыруды біледі;  

- пайдалы және зиянды тағам өнімдерін ажыратады. 



Әлеуметтік- психологиялық дайындық 

5 жас 

 

- қатынас  құралдарын,  ересектермен,  құрдастарымен  өзара  қарым-



қатынастың тәсілдерін игерген; 

- туыстары,  достары, 

көршілерімен  қарым-қатынас  жасау  кезінде 

байсалдылық танытады; 

- жақындарына,  айналасындағы  адамдарға,  туған  еліне  сүйіспеншілік 

танытады. 



6 жас 

Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары 

- эмпатия мен төзімділік танытады; 

- ересектермен бірлесіп еңбек әрекеттерін орындайды; 

- жақындарына,  айналасындағы  адамдарға,  туған  үйі  мен  өлкесіне 

сүйіспеншілігін көрсете алады; 

- топтың мүддесін қорғай біледі. 



7 жас 

Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары 

- жақын  адамдарын  жақсы  көреді,  өзінің  туған  өлкесіне  деген 

сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін білдіреді; 

- қарым-қатынастың  шиеленіскен  жағдаяттарынан  шығатын  жол  таба 

алады; 

- мектепке барғысы келеді;  



- жаңа білімді меңгеруге айырықша қызығушылық танытады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды  жаңартуда  педагогтың  кәсіби 



құзыреттілігін  қалыптастырмай    шешу  мүмкін  емес  екендігі  мәлім.  Заманауи 

әлемде    педагогқа  өте  күрделі  талаптар  қойылады.  Педагог  әр  уақытта    адам  

тұлғасын  қалыптастыруда    ол  қайталанбас,  теңдессіз      жауапты  істі 

басқаратынын  ұмытпау  керек.  Осындай    жауапты  істе  педагог  педагогикалық 

ғылым мен озық тәжірибенің жаңаша жетістіктерін қолдана  өзінің шеберлігін 

үнемі  жетілдіріп отыру керек. 

Мектепке дейінгі және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі баланың 

толыққанды дамуы үшін, балабақшада немесе үйде тәрбиеленуіне қарамастан, 

қабілеттерін ашуға, денсаулығын нығайтуға, өмірлік танымын кеңейтіп, өзіндік 

көзқарастарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.   

Әрбір  болашақ  бірінші  сынып  оқушысы  еліміздің,  туған  өлке  туралы, 

ересек  отбасы  мүшелерінің  еңбегі  туралы,  туған  өлкесінің  табиғаты  туралы 

қажетті  білім  алуы  тиіс.  Осы  білімді  игеруге,  ата-анасының  талабын 

қанағаттандыруға,  тәрбие  мен  білімді  ұштастыра  отырып,  баланың  тұлғалық 

қасиеттерін ашуға қызмет ететін педагогтың жүгі ауыр.  

Сондықтан мектепалды даярлықты жүзеге асыру баланың болашақ дамуын 

айқындайтын бүкіл білім беру жүйесінің іргетасы болып табылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



11 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 



2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (ҚР  Президентінің 

2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы); 

2.Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы 

№292 қаулысы); 

3.Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (ҚР 

Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы); 

4.1  жастан  6  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 

22 маусымдағы № 391 бұйрығы); 

5.Мұханбетжанова  Ә.М.,  Мұханбетчина  А.Г.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  іс-әрекеттік  құзыреттілігі.  //Ізденіс.  Алматы,  №1  (1).,  2009.,  247-

249б. 

6.Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.-М., 1986.-143с. 



 

 

 



12 

 

МАЗМҰНЫ 

 

1  Түсіндірме жазба 



2  Балаларды мектепке даярлау: мақсаты мен міндеттері 

3  Мектепалды даярлыққа 5-6(7) жастағы балалардың дайындық 



деңгейін анықтау 

4  Қорытынды 



10 

5  Әдебиеттер 



11 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет