Негізгі қимылдар: Еденде жатқан жалпақ құрсауға секіру. Көлбеу сатымен өрмелеу.
Мақсаты: Екпінмен қос аяқпен итеріліп құрсауға секіру және одан секіріп шығуды үйретуді жалғастыру. Көлбеу тақтай бойымен қырындап, сатының көлденең тақтайшаларынан дұрыс ұстап өрмелей білуді бекіту.
Қазақ халық ойыны: «Бәйге».
Негізгі қимылдар: Бір-бірден саптізбекте тұру Бір орында жоғары қарай секіру. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр)
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Қос аяқпен бірдей еденнен екпінмен итеріле білуін бекіту. Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруге жаттықтыру. Ойын: «Өзіңнің сыңарыңды тап» Кеңістікте бағдарлау.