ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ
Студенттің аты-жөні_______________
Тобы_____________________________
Билет №___4______________________
Уақыты__________________________
1-«Әдіснама» дегеніміз қандай мағына береді?
Әдіс тәрбиеде қолданатын негізгі құрал.Әдіснама бұл-грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» дегенді білдіреді.Әдіс дегеніміз бір мақсатқа жетуге апаратын жол деген мағынада қолданылады.Яғни метод бұл әдіс.Бір әдісті қолдана отырып өз мақсатына жету тану білу.Белгілі мақсатқа жету үшін тәрбие нәтижелі болу үшін арнайы әдіс тәсілді қолданып білім берген жөн.
2.Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі?
Қазіргі біздің сағат сайын дамып келе жатқан заманымызда әр адам қоғамда болып жатқан ақпараттардан дер кезінде хабардар болып ол туралы өз ойын толықтырып отыруы керек.Соның ішінде мұғалім тұлғасының алар орны бөлек. Мұғалімнің шәкірттерімен қарым-қатынасы,шәкіртінің іс-әрекетін құптау немесе тежеу,мадақтам мн жазалау мұғалімнің шеберлігінің белгісі болып табылады.Ұстаздың өмір бойы бала тәрбиесімен айналысуы оның қызығушылығын арттыра отырып тәрбелеу, мұғалім тұлғасының нағыз шеберлігі деп аталады.Басты мақсат бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың басты міндеті.Сондықтан мұғалім дамуды өзінен бастап қолға алғаны жөн.Мұғалім бойынан табылуға тиісті тағы бір қасиет ол-төзімділік.Төзімді болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндігіміз болады.
3.Атмосфераның төменгi қабаты ?
Жердің қатты қабатын-атмосфера қоршап жатыр және ол жермен бірге айналады.Құрамы азот пен оттегіден тұрады.Атмосфера негізінен бірнеше қабаттан тұрады соның ең төменгі қабаты-тропосфера деп аталады.Мұнда тартылыс күшіне және газдың сығылуына байланысты ауа барынша тығыз орналасқан.Осы тропосфера қабатында ауа райы мен климат түзуші процестер өтеді. Ондағы ауада су буы араласып жүредi.
Студенттің қолы_______
Достарыңызбен бөлісу: |