ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ
Студенттің аты-жөні_______________
Тобы_____________________________
Билет №___18______________________
Уақыты__________________________
Тәрбиенің қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы.
Тәрбиенің қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы ол деген неғұрлым қоғамның әлеуметтік мүмкіншілігі өскелен өмір талабына , заман ағымына сәйкес дамып отырса, соғырлым жастардың келешегіне , адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына , жастардың болашақта еліне қызмет етуге игі әсер етеді.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз -?
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың сыртқы көрінісі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің қарым қатынас мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді. Педагогикалық қарым қатынас барлық мұғалім мен оқушы арасынды жайлы болмауы мүмкін. Себебі әр оқушының мінез құлқы әр түрлі . Мұғалім оқушылармен қарым қатынас жасауда өзінің тәжірибесінде жинақтаған әдістерін қолданады . Мысалы түсіндіру , жеке сөйлесу т.б
Өсімдіктердің микроскоптық құрылысына орай жіктелуі?
Өсімдік организмінің микроскопты құрылысы.
Өсімдіктердің түрлері клетка құрамына қарай біржасушалы, клеткаланбаған, колониялы және көп жасушалы болып 4 топқа бөлінеді.
1. Біржасушалы өсімдіктер денесі бір ғана жасушадан тұрғанымен, олар күрделі организм денесінде болатын зат алмасу, көбею, қозғалу, тітіркену процестерін түгел атқара алады. Оларға бактериялар, төменгі сатыдағы көк-жасыл балдырлар жатады.
2. Клеткаланбаған өсімдіктердің ұзындығы 0.5 метрге дейін, тіпті одан да ірі болды; Клеткасының әрбір бөлімінде жапырақ, сабақ, тамырдың қызметін атқаратын жеке бөліктері болды. Бұлардың барлығына тән тұтасып жатқан бір ғана клетка қабықшасы, протоплазмасы және оның ішінде көптеген ядролары жүзіп жүреді. Оларға вошерия, ботридиум, мукор, каулерпа сияқты төменгі сатыдағы бірнеше өсімдіктер жатады.
3. Колониялы өсімдіктер-бірклеткалы мен көп клеткалылардың аралығындағы организмдер. (вольвокс, мандарин т.б. өсімдіктер)
4. Көп жасушалы өсімдіктердің ерекшелігі-түрлі тіршілік әрекетін атқаратын әр қилы ұлпаларының болуы.
Студенттің қолы_______
Достарыңызбен бөлісу: |