ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ
Студенттің аты-жөні_______________
Тобы_____________________________
Билет №___21______________________
Уақыты__________________________
1- Адамгершілік сананы қалай қалыптастырады?
Жеке адамның адамгершілік санасы оның мінез-құлқы мен іс-әрекетінен көрінеді. Сананың қалыптасуы ұзақ та , күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына , жақын адамдардың өзара қарым қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап мұғалімнің балаларға қойылатын талабы өседі. Бірінші сыныптағылар басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір-біріне кедергі болмаудың қажеттігін түсінеді. Сенім адамның білімінің негізінде туындайтын қасиет . Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Адамгершілік саныны қалыптастыру дегеніміз бала бойындағы сенімділік , мейірімділік , қарапайымдылық , адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу керек.
2-Идентификация ұғымы нені білдіреді?
Идентификация - бұл адам өзін белгілі бір жағдайда бөгде адамның мінезін түсініп, оның орнына өзін қойып көру арқылы оның жан дүниесін, ойын, әрекетін, сезімін ойша құрастырады , түсінуге тырысады . Қарым-қатынас үшін тек сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің жағдайда бір бірін түсіну арқылы қабылдауы негізінде рефлекция пайда болады. Рефлекция дегеніміз - адамды түсіну болып табылады . Бөгде адамды түсіну ,бөтен адамды түсіну - сол адамның қарым-қатынасын қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау.
3-Балдырларға жалпы сипаттама бер. Қандай маңызы бар?
Балдырларлардың ғаламшарымызда 40 мың түрі бар . Балдырлар суда тіршілік етеді..
Пішіндері сопақша алмұрт тәрізді, амеба тәрізді, коккоидты, жіптәрізді, пластинкалы болып келеді. Клеткасын пектин заты қаптап жатады, хлорофилл және басқа пигменттер бар, пластидтер орналасады. Балдырлар вегатативті , жыныссыз көбейеді .
Балдырлар су өсімдіктері, олар теңіздерде, көлдерде, өзендерді, тоғандар мен батпақтары мекендейді. Дымқыл топырақта да кездеседі. Көк-жасыл балдыр ,эвгленалық балдыр ,жасыл балдыр деген түрлері бар .
Балдырлардан тыңайтқыштар алады , мал азығына пайдаланады , тағамға пайдаланады , медицинада , кондитер өнеркәсібінде , қағаз өндіру саласында көптеп пайдаланады .
Студенттің қолы_______
Достарыңызбен бөлісу: |